Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі

Инфрақұрылым
15.06.2026, 09:23
Сурет: ЖИ

Өңірдегі геосаяси шиеленістерге қарамастан, Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын ауқымды логистикалық жобалар қарқынды түрде жалғасуда. Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан тараптары «Термез — Харлачи» (Кабул дәлізі) теміржолының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау үшін бірлескен экспедицияға кірісті. Көлік дәлізі Кабул мен Исламабад шекарасындағы жағдайдың ушығуына қарамастан салынып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Маңызды учаске қайта жанданды. Балх провинциясында «Хайратон — Мазари-Шариф» жолының соңғы нүктесінде жұмыстар қайта басталды. Айта кетсек, бұл бағыт бойынша 2011 жылдан бері 50 миллион тоннадан астам жүк тасымалданған.

«Найбабад» станциясында 1 шақырымдық кірме жол төселіп бітті. Алда тағы 1,65 шақырымдық желі мен заманауи қоймалар құрылысы күтіп тұр.

Мамандардың болжамы бойынша, Трансауған магистралі іске қосылғанда жылына 22–34 миллион тоннаға дейін жүк өткізе алады. Бұл теңіз маршруттарына тиімді балама болып, Оңтүстік Азияға жүк жеткізу уақытын 3 есеге қысқартады.

Жоба аясында Өзбекстан тарапы Қазақстаннан келетін транзиттің бір бөлігін Қарақалпақстандағы «Оазис» пунктіне қарай бағыттауды ұсынып отыр.

Бұл қадам қазіргі уақытта шамадан тыс жүктелген «Сарыағаш – Келес» шекара өткелін едәуір жеңілдетуге және өңіраралық тасымал жылдамдығын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды