Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Инфрақұрылым
15.09.2026, 09:53
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы жалғасуда. Жуырда Жамбыл, Ақмола және Атырау облыстарында тағы төрт вокзал қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді.  

Олар – Түрксіб, Есіл, Елтай және Исатай теміржол вокзалдары. Қайта жаңартудың басты міндеті – теміржол вокзалдарын жолаушылар үшін ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді ету.  

Жамбыл облысы Түрксіб станциясының вокзалы кешенді қайта жаңартудан өтті. 1927 жылы салынған екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1273,6 шаршы метр, тәуліктік жолаушылар ағыны 300 адамнан асады.  

Ақмола облысындағы Есіл вокзалы 1943 жылы салынған. Қайта құрудан кейін оның ауданы 406-дан 485,4 шаршы метрге дейін өсті. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 200 асады, ал станция арқылы 18 жолаушылар пойызы өтеді.  

1973 жылы салынған Елтай станциясы да толығымен жаңартылып, жалпы ауданы 217,9-дан 246,8 ш.м. дейін ұлғайды. Станция арқылы 10 жолаушылар пойызы өтеді. Екі нысанда да шатыр, инженерлік желілер мен ішкі үй-жайлар жаңартылып, перрондар қайта жасалды және іргелес аумақтар абаттандырылды. Қасбеттер заманауи әрлеуге ие болды.  

Қайта құру кезінде қауіпсіздік пен қолжетімділікке ерекше назар аударылды. Қосымша эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өртке қарсы есіктер орнатылды, мобильділігі төмен жолаушылар үшін пандустармен жабдықталды. Әрлеуде негізінен берік, отқа төзімді және оңай жуылатын қазақстандық өндірістің материалдары пайдаланылды.  

1970 жылы салынған Атырау облысындағы Исатай станциясының вокзалы қайта жөндеуден кейін аумағын 129,3-тен 214,65 шаршы метрге дейін ұлғайтты. Мұнда шатыр, инженерлік жүйелер, қасбет және ішкі үй-жайлар жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Әрлеу үшін қазақстандық өндірістің заманауи материалдары қолданылды.

 

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл