Жол күтімі жоспарға сай орындалуда

Инфрақұрылым
29.07.2020, 09:54
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі тіркелген жоқ. Жол өлшегіш вагонының тексеріс қорытындысы бойынша жол күтімі 60 бірлікке орындалды. Жоспар 67 балл болатын, яғни орындалысы 110 пайызды құрады.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Өзбекстан мен Түркіменстан сияқты шет елдермен шекарасы түйіседі. Жалпы аумағы 1115 шақырымды құрайтын бөлімшеде көрші мемлекеттермен шекаралас болғандықтан да жұмыс қауырт, қозғалыс та арта түсуде.

Пандемия кесірінен біразға созылған шектеу шараларына қарамастан бөлімшеде жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда. Жыл басынан бергі 6 ай ішінде РМ секілді ауыр жол машиналары жұмыс жасап, Бейнеу-Маңғыстау телімі №9 бекет-Маната-№10 бекет аралығында 10,8 км жол табаны тазартылған. Күннің ысуына байланысты ауыр жол машиналары жұмысынан кейін рельстік бунақтарда температуралық кернеуді ретке келтіру жұмыстары жүргізілген.

Жаңадан 19 км малға қарсы қоршау салынған. Сонымен қатар, бұрынғы 15 км қоршау қайта жөнделген. Төрт түліктің теміржол бойына шығып кетуін болдырмау мақсатында мал иелерімен 11 рет жиналыс өткізілген. 3426 мал иесі теміржол бойына мал жаю ережесімен, ал 1350 автокөлік жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережесімен таныстырылған.

− Елдегі жаман ауруға қарамастан теміржолымыз жұмыс істеп, қозғалыс жүріп жатқаны дәтке қуат. Біз теміржолшылар сол үшін күндіз-түні жұмыстанудамыз. Жол күтімі жоспарға сай орындалуда. Бұған дейінгі құрылыс жөндеулерден басқа алға тағы бір үлкен жұмысты қойып отырмыз. Күз айларында 13,01 км жолды жаңа материалмен күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Ол №13 бекет – Шетпе станциясы аралығы. Бұл күрделі жөндеудің бұрынғы жолға қарағанда ерекшелігі, түйіспелі рельстердің орнына түйіспесіз рельстердің, ағаш шпалдардың орнына темірбетонды шпалдардың ауыстырылуы болмақ. Түйіспесіз жолдың бунақты жолдан артықшылығы – түйіспелерге жұмсалған бекітпелер үнемді болады. Сондықтан қоршаған ортаға шығатын шу да азаяды. Сонымен қатар, темірбетонды шпалдар ағаш шпалға қарағанда анағұрлым төзімді де сенімді. Оның қызмет көрсету мерзімі ағаш шпалдан 3-4 есе жоғары. Жалпы осы жөндеу жұмыстары жол жағдайын жақсартып, жылдамдықтың жоғарылауына септік етпек. Оған қоса бүйірлік тозуға байланысты ескі материалдармен 1 км рельс ауыстыру жұмыстары да межеде бар, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімі басшысы Марлен Көктеубаев. 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды