«Сервистің сапасын арттыруға мүдделіміз» – Вагонсервис директоры

Сұхбат
09.12.2022, 09:53
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жолаушылар вагондарына сервистік қызмет көрсетіп, қажетті керек-жарақпен жабдықтаушы «Вагонсервис» АҚ бас директоры Ғалибек Аманбаевпен сұхбатымыз қыс маусымына құрамдардың дайындығы жөнінде өрбіді.

– Ғалибек Советұлы, 2022-2023 жылдардың қыс маусымына қанша жолаушылар вагондары дайындалып, қандай жұмыстар жүргізілді?  

– Әдетте, вагондарды жазғы және қысқы тасымалға дайындау барысында оларға міндетті түрде ТҚК-2 көлемінде техникалық қызмет көрсетіледі. Алдымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысының бұйрығы негізінде қысқы маусымда пайдаланылатын жолаушылар вагондарының жоспары айқындалып, біз сол жоспар шеңберінде әрекет етеміз. Биылғы қыс маусымына барлығы 1027 жолаушылар вагоны нақты дайындалып, жоспар 100% орындалды. Әр өңірдің климаттық жағдайына байланысты жылжымалы құрамды қыс маусымына әзірлеу шаралары әртүрлі уақытта өтті. Мәселен, қыс ерте түсетін еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде ол 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында өтсе, оңтүстік өңір бойынша 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығын қамтыды. Оларға ТҚК2 техникалық қызметін көрсету кезінде №670-ЦЗ бұйрығына сәйкес Жолаушы вагондарына техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бойынша талаптар ескеріледі. Атап айтсақ, тоңазытқыш бөлігі, жоғары вольтты электр жабдықтарының жұмыс істеп тұруы мұқият тексеріліп, ауаны баптау жүйелері консервациялаудан өтті. Сонымен қатар аккумулятор батареясының тығыздығы реттеліп, вагонның тиісті эстетикалық көрінісін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы жуу жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, вагондардың желдеткіш сүзгілері ауыстырылып, редукторлардағы май деңгейін, кардан біліктерінің майлау жұмыстары тексерілді. Сондай-ақ, жүріс бөліктері, өтпелі алаңдары, тұтқалары қаралып, желтартқыш торларының болуы ескерілді. Ақаулы бөлшектерді жоя отырып, жоқ бөлшектерді қалпына келтіру, түтін шығаратын құбырлардың, ұшқын сөндіргіштердің, жалын шағылыстырғыштардың және электрлі су жылытқыштардың жай-күйі тексерілді. Мұның бәрі – қозғалыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында міндетті түрде іске асырылатын шаруалар. Қысқасы, «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарының санитарлық-техникалық жай-күйін жақсарту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Ішкі жабдықтардың, яғни үстел, төсек-орыннан бастап, есік-терезелерді бітеу, едендерді жабу, құлыптардың жай-күйіне, санитарлық тораптарға, биодәретханалардың, сумен жабдықтау жүйесінің жұмысына: крандарды тексеру, қыздыру элементтерін ауыстыру, жүйені жуу және дезинфекциялау, титандар мен олардың табандығын бояу сияқты майда-шүйде жұмыстарға дейін ерекше назар аударады.  

– Техникалық қызмет көрсету түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?

– Жолаушылар вагондарына Техникалық қызмет көрсету-1 (ТҚК-1) жолаушылар пойыздарын қалыптастыру және оларды әрбір рейске жөнелту алдында жүргізіледі. Жолаушылар вагондарын санитарлық-техникалық жағдайы бойынша рейске дайындау сапасын әрбір вагонды жеке-жеке қабылдайтын тұрақты комиссия тексереді, бұл комиссияға Қоғам филиалдарының бірінші басшылары жетекшілік етеді. Тексеріс барысында ішкі жабдықтардың жай-күйі, санитарлық тораптардың, биодәретханалардың жұмысы, сумен жабдықтау жүйесінің, крандардың, жазғы маусымда желдету мен ауаны баптау жүйесінің толықтай жұмыс істеп тұруы бақылауға алынады. Ал Жолаушылар вагондарының негізгі тораптарын бірыңғай техникалық тексеру (ТҚК-3) – жоспарлы жөндеу түрінен кейін алты айдан соң немесе вагондардың негізгі тораптарының қауіпсіз жұмысын және жоспарлы жөндеу арасында жолаушыларды тасымалдаудың негізгі шарттарының қалыпты жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету үшін вагонның жүрген жолы бойынша жүргізіледі. Вагондарды пайдалану процесінде ақаулар анықталған жағдайда ағымдық ағытып жөндеу жұмысы қамтамасыз етіледі. ААЖ – транзиттік және құрастырылған жолаушы пойыздарынан вагондарды ағытып алып, мамандандырылған жөндеу мекемелеріне бере отырып жүргізіледі. Сонымен қатар, «Вагонсервис» АҚ тарапынан жолаушылар вагондарын құрастыру пунктінде оларды сумен, көмірмен жабдықтау санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормативтік-техникалық құжаттама талаптар сақтала отырып жүргізіледі. Ал биодәретханалар ассенизаторлық тазалаудан өтеді. Жалпы біздің компанияның 3 филиалы бар, олар: ЛВЧДР-5 Ақтөбеде, ЛВЧДР-9 Астанада, ЛВЧДР-26 Алматыда, ал 7 учаске Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында орналасса, 14 жабдықтау пункті еліміздің ірі станцияларында орналасқан.  

– Жолаушылар вагондарын көмірмен, сумен жабдықтау мәселесінде түйткілдер жоқ па?

– Жолаушылар вагондарын көмірмен жабдықтау бойынша «Вагонсервис» АҚ ағымдағы жылдың 18 шілдесінде «Шұбаркөл Көмір» АҚ мен көмір жеткізіліміне қатысты шарт жасасты. Біз қатты отынды оның сапасына мән бере отырып, таңдаймыз. Осы ретте, аталған мекеме шығаратын көмірдің күлі аз, қызуы күшті деп сипаттауға болады. Сонымен қатар, Қоғамның филиалдары тасымалдаушылармен бірлесіп, қатты отынның сапасына комиссиялық актілер жасайды. Ал жолаушы вагондарын сумен жабдықтауға келсек, бұл жұмыс күн сайын 28 теміржол станциясында жүргізіледі. Біз санитарлық ережелерге сәйкес гигиеналық норма талаптарының сақталуына басымдық береміз. Мысалы, вагондарды сумен жабдықтау кезінде су құрамының сапасын анықтау үшін колонкалардан су сынамалары алынып, мамандандырылған компанияларға тексеруге ұсынады. Жалпы Қоғамның технологиялық мүмкіндігі тасымалдаушылардың қажеттілігін 100% қамтамасыз етуге жетеді.  

– Бүгінде барлық салада сандық жүйені енгізуге басымдық берілуде. Қоғам қызметін цифрландыру бағытында қандай іс-шаралар іске асуда?  

– Вагондарға сервистік қызмет көрсету бағытында цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Қоғамның жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалы базасында қойма есебін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ол бойынша «CSI» ЖШСмен жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, Қоғам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы филиалы және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп, SAP ТОиР басқару жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жолаушылар вагондарына қызмет көрсету сервисін жақсарту мақсатында «Астана-Нұрлы жол» станциясындағы техникалық жолаушылар паркінде жаңадан вагон жуу кешенін салу қарастырылуда. Ал Ақмола филиалының деполық жөндеу цехы базасында КЖ-1 (күрделі жөндеу-1) көлемінде жөндеу жоспарлануда. Жыл сайын күрделі салымдар жоспары шеңберінде басқа да технологиялық жабдықтар жаңарып жатыр. Бұдан бөлек, Қоғамда қызметкерлердің қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында жыл сайын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар, олардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау жоспарланып отырады. Мәселен, биыл еңбек жағдайы мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларын жақсартудың кешенді жоспары бекітілді. Бұл жоспар еңбек жағдайын жақсартуға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, санитарлық-тұрмыстық ахуалды сауықтырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді.  

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды