HR қызметі уақытпен үндесуі керек

Сұхбат
07.02.2023, 09:28
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияда бір жылдан астам уақыт персоналдарды басқарудың түрлі жолдарын зерттеу және тәжірибе алмасу үшін HR саласындағы сарапшылармен кездесулер өткізу тәжірибесі қолға алынған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі, жоба жетекшісі Асқар Насыровпен әңгімеміз осы тақырыпта өрбіді.

– Асқар Асхатұлы, персоналды дамыту үшін көптеген компаниялар тәжірибе алмасуды тиімді құрал ретінде пайдаланатыны бұрыннан белгілі. Ал ҚТЖ-да HR үшін мұндай тәжірибені енгізуге қандай қажеттілік болды?  

– Жаңа және озық тәжірибелерді зерттеп білу қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан өсіп-өнуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың дүниетанымын кеңейте түседі, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен кәсіпорындар арасында өзара әрекет етуді ынталандырады. Ал персоналды дамыту ісімен HR блогы айналысады, сол себепті бұл жауапты миссияны жоғары деңгейде орындау үшін HR қызметінің қызметкерлері әрқашан заманауи трендтерден хабардар болуы және оларды қолдана білулері керек. Бүгінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп, түрлі форумдар өткізілуде, HR менеджерлерінің қоғамдастығы құрылуда. Әлбетте, ҚТЖ мұндай шараларды өткізіп алмауға, тіпті олардың белсенді қатысушысы болуға тырысуда.  

ҚТЖ холдингтік құрылым болып табылады және компания ішінде персоналды басқарудың жаңа тәжірибесін жеткізу үшін «HR Time» сараптамалық клубы деп атайтын өз платформасын құру идеясы пайда болды.  

– Мұндай кездесулер қандай форматта өтеді?  

– Біз алдын ала арнайы бюрократиялық регламенттер мен процедуралар әзірлеген жоқпыз. Сондықтан форматқа қатысты қандай да бір шектеулер жоқ, басты критерий – клубтың барлық мүшелерінің мүдделеріне сай қолайлы жағдайлар жасау. HR Time алаңына тоқсанына бір рет HR мәселелеріне жетекшілік ететін «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының жетекшілері шақырылады. Бірқатар кездесулерді біз «Қысқы бақта» оффлайн форматта өткіздік, ал көбінесе кездесулер барлығына мейлінше қолайлы болу үшін онлайн форматта өтеді.  

Өткен жылы шақырылған спикерлер арасында танымал мамандар болды. Онда «Қашықтан жұмыс істеуден алған тағылым» тақырыбындағы кейсімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Ләззат Қожахметова, Beeline корпоративтік сату дирекциясының негізгі клиенттерді дамыту қызметінің басшысы Вячеслав Хван «Роботтар HR қызметінде» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісті. Ал Samruk Business Academy бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Юлия Шива «Жеке өнімділікті басқару» тақырыбында ақпараттық сессия өткізіп, «Эйр Астана» АҚ Адам ресурстары және таланттарды басқару жөніндегі директоры Александра Штопел таланттарды басқару тәжірибесі туралы айтып берді.  

HR Time отырыстарының бірі кеңейтілген құрамда өтті, оған «Самұрық-Қазына» қорының Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Эльмира Каримова, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының барлық портфельдік компанияларының HR менеджерлері қатысты. Жиын тақырыбы еңбекақыдағы «учаскелік» коэффициенттерді теңестіру мәселесі бойынша сараптамалық қолдау болды. 

– Шынында, қызмет барысында қажетті, пайдалы дүниелер екен. Биыл да бұл дәстүр жалғасын табады ма?  

– Әлбетте жалғасады. Тіпті, биылғы жылдың «беташарын» жасап та жібердік. Үстіміздегі жылы кезекті «HR Time» сериясы «Shearwater Geoservices» компаниясының сейсмолог-инженері, тәлімгерлік бағдарламасының жоба жетекшісі Ғалия Садықовамен кездесуден басталды. Ғалия ханым тұсаукесерін өзі туралы баяндаудан бастады. Яғни үлкен компанияда қалай жұмыс істеп жатқаны және жаңа биіктерді бағындыруы, жұмыс барысында, кәсіби мамандарымен араласа жүріп өз компаниясында тағылымдама бағдарламасын ұйымдастыру идеясы келгені, т.т. туралы айтып берді. Айтуынша, ол өз әріптестерінің жұмыстарын талдай келе, олардың мықты және осал тұстарын бөліп алып, жобаны енгізу бойынша жоспар құрған. Ғалия үшін маңызды сәт – өз бағдарламасын компания басшылығы алдында таныстырып, қорғау болған. Оның бастамасы уақытылы қолға алынған қажетті дүние деп танылып, онымен дереу HR-блогының қызметкерлері байланысқа шыққан екен. Расында да, Ғалияның жеке табысы тарихының тұсаукесері аудиторияда ерекше қызығушылық тудырды, бұл компанияның кадр бөлімінің қызметкерлері үшін де тәрбиелік оқиға болды. Клуб мүшелері оның жоғары белсендiлiгi мен таңдаған iсiне адалдығын атап өтіп, қызықты әңгiмесі үшiн алғыс білдірді. Осылайша, біз «НR Time» клубы аясында кездесулер өткізудің оң тәжірибесі бар екенін байқадық және ол Компания әріптестері арасында өзін жақсы жағынан көрсетіп отыр.  

Қорыта айтсақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ HR командасы барлық шешімі бар міндеттер бойынша икемді ұстанымды ұстанып отыр. Сондай-ақ Компанияның негізгі бизнес-көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ету және операциялық тиімділікті арттыру мақсатында озық тәжірибелер мен Компанияның бизнес-қажеттіліктерін есепке ала отырып, бастамаларды құруға бағдарланған. Бір сөзбен айтқанда, HR қызметі заманауи сын-тегеуріндер мен трендтер туралы хабардар болып, уақыт көшіне үн қосуы керек. 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды