Магистральдық жолдың басым бөлігі жаңарды

Сұхбат
09.02.2024, 09:10
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі өткен жылы өңірде ауқымды істер атқарып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бөлімше директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Аманқос Жылқыбаевпен осы бағыттағы жұмыстар жөнінде сұхбаттастық.

– Аманқос Бөрібайұлы, өндірістік аймақ саналатын Атырау облысы үшін темір жолдың маңызы өте зор. Өткен жыл аймақ темір жолы үшін қандай жетістіктермен қорытындыланды?  

– Компания басшылығы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру және бекітілген жоспарларды орындау мақсатында Атырау магистральдық желі бөлімшесі ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Ең алдымен аймақтағы жол сапасына мән беріліп отыр, ондаған шақырым жолдар күрделі жөндеуден өтті, бұрмалар ауыстырылды, мал қоршаулары салынды, құммен күрес жүргізіліп, байланыс, электр желілері жаңаруда, жұмысшылардың еңбек орындарын жақсартуға, барлық бағытта да қауіпсіздіктің сақтауына күш салудамыз. Мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жоспарлы техникалық сабақтар үнемі жүргізілуде. Сонымен қатар түрлі жағдайлар мен оқыс оқиғаларға байланысты жеделхаттар уақытылы таныстырылып, талданып, мұндай жағдайлар қайталанбас үшін жұмысшылардың білім деңгейін көтерудеміз. Техникалық сабақ барысында қысқаметражды видеороликтер, ситуациялық схемалар міндетті түрде жұмысшылар назарына ұсынылады. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда бөлімшеде екі мыңнан астам адам қызмет етеді, қызметкерлер тарапынан еңбек тәртібін бұзу оқиғасы тіркелген емес. Өндірістік жұмысты орындау технологиясы, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптары қатаң сақталады. Салалық жарыста да жақсы жетістіктеріміз бар.  

– Өзіңіз айтқандай, ең бастысы жол сапасы жайлы не айтасыз?  

– Дәл бүгінгі күні өңірде магистральдық жолдың 80-85 пайызы жаңарып қалды деуге негіз бар, тек бұған станциялық жолдар жатпайды. Былтырғы жоспар бойынша аймақта жүз шақырым, нақтысы 99,97 км жол күрделі жөндеуден өтті. Соның ішінде Құлсары жол дистанциясы бойынша Қоркөл-Рзд-464 аралығында белгіленген 31,5 км жол түгелдей салынып бітіп, пайдалануға берілді. Атырау жол дистанциясы бойынша Исатай станциясы мен 11 разъезд, 14-рзд-Аққыстау, Аққыстау-Бақсай аралығындағы 68,2 км жол да толықтай салынып бітті. Атырау бөлімшесі бойынша негізгі бағыттардағы тарамдардың бәрінде рельстер жаңарды деуге болады. Станциялардағы қосалқы тарамдардың ескі рельстері де жоспар бойынша жаңалануда. Жол сапасы жақсаруының нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60 км/сағ-120 км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50 км/сағаттан 100 км/сағатқа көтеріліп отыр. Балдық бағалау бойынша жол сапасы 2023 жылдың қорытындысымен 53 балл болып, 132% құрады! Өткен жылы бөлімше бойынша 26,676 км күшейтілген орташа жөндеу мен бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізіліп, ПЧ-9 бойынша 27 жиынтық, ал ПЧ-11 бойынша 13, барлығы 40 жиынтық бағыттама бұрмасы орнатылды. Сонымен қатар былтыр 149,2 шақырымға мал өтпейтін қоршау салу жоспарланып, оның 110 шақырымы аяқталды, қалғаны биыл жалғасады. – Жол жөндеуде техникалар ролі қандай, жалпы жол шаруашылығының техникалық жабдықталуы қалай? – Жаһандық үрдістен қалмау үшін озық технологияларды қолдану – ол заман талабы. Бұрыннан бар техникаға қоса шағын механизация құралдары алынды. «Жейсмар» фирмасының қол еңбегін жеңілдететін механикаландырылған рельстескіш, рельскескіш құралдары да қолданыста. Ауыр жүктерді көтеріп түсіруге (темірбетонды бұрмаларды, бағаналарды, шпалдарды, ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерін) арналған КЖ-562 маркалы краны алынды. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта Ақтөбе рельс зауытынан дайындалған 725 метрлік түйіспесіз жолдар салынуда. Кешенді жол техникалары кестеге сай жүріп өтеді. ДУАМАТ, ДГС, ПБР, ВПРС, МКТ машиналары кеңінен пайдаланылады.  

– Жұмыс уақытының көбін далада өткізетін теміржолшылардың дені сіздерде, оларға қандай жағдай жасалып отыр?  

– Дұрыс айтасыз, қыстың қытымыр аязы мен жаздың шіліңгір ыстығында күн-түн демей далада жел өтінде жүретін теміржолшылардың басым бөлігі магистральдық желі бөлімшесінде еңбек етеді. Олар ауа-райымен, уақытпен санаспайтын мамандық иелері. Оларға жұмыс учаскелерінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағдарламасында көрсетілген. Соған сай өңірлерге жылыну пункттерін қайта жасақтау үшін бес тонналық 95 контейнер жеткізіліп, Атырау жол дистанциясына 50 дана, Құлсары жол дистанциясына 45 данасы бөлінді. Олар өңірдегі барлық станциялар мен разъездерге орналастырылып, жұмысшылар игілігіне берілді. Жылыну пункттері – жұмысшылардың жұмыс арасында демалып, дамылдайтын орындары. Онда жылынып, тамақ ішуге болады. Ішінде пеші, үстел мен орындықтар қойылған. Сонымен қатар Атырау жол дистанциясына 13, Құлсарыға 4 модульді үй жеткізіліп, олар Нарын, Махамбет, Қарабатан станцияларына және шағын бекеттерге орналастырылды. Онда жатын бөлме, ас ішетін, жуынатын бөлмелер, теледидар – бәрі бар.  

– Жолшылардан бөлек белгі беру-байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларының жұмыстары жайлы не айтасыз? 

– Электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс дистанцияларында жаңа технологияларды енгізуде айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Тозығы жеткен шкафтар жаңа үлгілерімен ауыстырылуда. Станцияларда, күзетілетін және күзетілмейтін теміржол өткелдерінде бұрынғы спиральді лампалар жарықдиодты лампалармен толық ауыстырылды. ШЧ-8, 9, 11 белгі беру және байланыс дистанциялары ескі байланыс құрылғыларын жаңа үлгідегі, озық технология талаптарына сай жүргізуге көшті. Өткен ғасырдағы КАС2, С-6 шкафтары қазіргі талапқа сай ДХ-500 37 дана цифрлы байланыс шкафтарымен ауыстырылды. Бұрынғы шкафтар қарда, суда ылғал тартып, сымдары үзілетін болса, қазір мұндай бас ауру мүлдем жоқ десе де болады. Бағдаршамдардың көрінімін жақсарту мақсатында Алтай, Теректі, Тұрыш, Құрсай, Сәнкібай, Сағыр, Махамбет бекеттерінде линзалық шам жинақтарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. ЭЧ-4 мекемесі өткен жылғы жоспар бойынша 857,6 шақырым жоғарғы вольтты ток желілерін жоспарлы жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтады.  

– Алдағы жоспарларыңызбен де бөлісе кетсеңіз?

– Алдағы жоспарға келсек, биылға 68,3 км жолды күрделі, 36,091 км күшейтілген орташа жөндеу, 37 жиынтық бұрма ауыстыру, 99,4 шақырым мал қоршау салу, 1,353 км рельс плеттерін ауыстыру, ағымдағы басқа да жұмыстар жоспарланып отыр. Аймақ ерекшелігіне сай қозғалысқа қиындық тудыратын құммен күрес те біз үшін басты жұмыс. Өңірде осындай 231,05 шақырым жол бар. Былтыр Нарын-рзд14-рзд15-Аққыстау аралығында қамыс және шпалдан құм-бөгет жасадық. Биыл осындай жұмыстарды рзд7-рзд8-Исатай-рзд10 аралығында жүргізгелі отырмыз.  

– Рахмет, істеріңізге сәттілік!

 

Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты
Аймақтар
11.03.2026
Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті
Инфрақұрылым
11.03.2026
Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту қарқыны кестеден озып тұр
Жаңалықтар
11.03.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту талқыланды
Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда
Жаңалықтар
10.03.2026
ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті
Инфрақұрылым
10.03.2026
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
Жүк тасымалы
10.03.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен
Әлемде
10.03.2026
Түркия алғашқы жүрдек электр пойызын сынақтан өткізбек
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Еңбегі берекелі билет кассирі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Қарбаласқа толы күн
Жолаушылар тасымалы
09.03.2026
Ақтөбе облысында тасжолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарымен 540 жолаушы жеткізілді
Трансформация
08.03.2026
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуде
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Шынайы құрметке лайық