Қарыз қалай қайтарылады?

Сұхбат
14.04.2026, 09:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарызға қаражат алу бұл қалыпты жағдай ма? Қарыз қаражаты қандай жағдайда және қандай мақсатта алынады? Осы және басқа да сұрақтарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарыз алу және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Данияр Арқалық жауап берді.

– Қарыз қаражаты – бұл белгілі бір мерзімге және нақты міндеттемелер бойынша тартылатын қаржы ресурстары. Қарыз қаражатының меншікті капиталдан басты айырмашылығына келсек, ол белгіленген уақытта қайтарылуы тиіс және көбінесе пайдаланғаны үшін пайыз төлеуді талап етеді. Қарыз қаражатына қандай жағдайда сұраныс туып, қандай мақсатта алынуы мүмкін? Егер компания бизнесті кеңейтуге, инфрақұрылымды жақсартуға немесе жабдықтарды жаңартуға ұмтылатын болса, қарыз қаражатын тарту тиімді. Бірақ мүмкіндіктермен қатар жауапкершіліктің де арта түсетінін түсіну керек. Сондықтан қарыз ресурстарын сауатты басқару – табысқа жетудің негізгі шарты.  

– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қазіргі жалпы жағдайын қалай бағалар едіңіз?

– «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ 2025 жылды рекордтық қаржылық нәтижелермен аяқтады. Бұл компания бизнесінің тұрақтылығын дәлелдеп, инфрақұрылымды дамыту мен транзиттік тасымалдарды ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын көрсетті. Компания инвестициялар тарта отырып, теміржол желісін жаңғыртып, өңірдегі жетекші көлік операторы ретіндегі позициясын нығайтуда. Сондай-ақ Компания қазір өсу кезеңін басынан өткеріп жатыр.

– «Судың да сұрауы бар» демекші, қарыздың қайтарымы болады, бұл үлкен тәуекелге жетелемей ме?  

– ҚТЖ-ның қарыз алу және инвесторлармен жұмыс жүргізетін жауапты маманы ретінде айтпағым, қарызға қаражат алу – біздің сала үшін қалыпты жағдай. Білесіз, бүгінде инфрақұрылым үлкен инвестицияларды талап етеді, ал қайтарымын біртіндеп береді. Сондықтан бұл жерде қарызды даму құралы деп қабылдаған жөн. Иә, біздің қарызымыз бар, бірақ кірісіміз де өсіп келеді. Әсіресе транзит есебінен өсім байқалады. Біз барлық міндеттемелерді тұрақты орындап, жағдайды толық бақылауға алып отырмыз.  

– Бұл жобаларды кім қаржыландырып отыр және де қарыз беруші ұйымның сенім үдесінен табылу маңызды шарт болар?  

– Әлбетте, сенім – басты шарт. Біз Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты ірі халықаралық институттармен жұмыс істейміз. Олар компанияны қаржылық, басқарушылық критерийлері бойынша егжей-тегжейлі тексереді. Осыдан-ақ олардың бізді қаржыландыруы – тұрақтылық пен сенім көрсеткішімізді бағамдап берді. Мұнымен қатар олар халықаралық стандарттарды – қауіпсіздік, экология және корпоративтік басқаруды енгізуде. Ал бұл бағыттар бойынша ҚТЖ S&P Global-дан жоғары баға алып келеді.  

– Кірісті одан әрі өсіру үшін қандай іс-шаралар жүзеге асырылуда және темір жолды инвестициялау неліктен маңызды?  

– Бүгінде өсімнің негізгі драйвері – бұл транзит. Бірақ мынаны түсіну қажет: транзит – бұл тек Қазақстан ғана емес, бұл маршрут бойынша барлық елдермен бірлесіп жұмыс істеу. Біз Орталық Азия, Ресей, Кавказ, Түркия, Еуропа және Қытай елдерімен ынтымақтастықты белсенді дамытып жатырмыз. Бүгінде теміржол теңіз көлігімен бәсекелесе алатын халге жетті. Әрине теңіз көлігі баға жағынан арзанырақ, бірақ жолы ұзағырақ. Темір жол болса, тезірек әрі жағдайы болжамды. Қазір ахуал өзгеруде: геосаясатқа байланысты теңіз логистикасы қымбаттап, тұрақтылығы төмендеп отыр. Ал темір жолдың бәсекеге қабілеттігі арта түсуде. Қазірдің өзінде біз Қазақстан арқылы өтетін транзитке деген қызығушылықтың артып отырғанын байқаймыз. Темір жолға инвестиция салу неліктен маңызды? Себебі – ол ел экономикасының күретамыры. Темір жол арқылы тауар қозғалысы, бизнес және елдің дамуы жүзеге асады. Сондықтан темір жол күш алған сайын, экономика да өрістей түседі.  

– Қарыз қаражаты қалай қайтарылмақ? Жалпы қарызға қаражат алу тәжірибеде жиі кездесетін жағдай ма?  

– Қарыз қаражаты операциялық кірістер, соның ішінде жүк тасымалдары мен транзит есебінен қайтарылатын болады. Транзит өсіп келеді, демек, біздің де қаржылық базамыз күшейеді. Сол себепті біз барлық міндеттемелерді мүлтіксіз орындап отырмыз. Қарыз қаражаты, әлемдік тәжірибеде бар әдіс. Бұл тәсілмен бір ғана ҚТЖ компаниясы емес, барлық инфрақұрылымдық компаниялар жұмыс істейді. Мәселен, Қытай, Ресей де даму үшін қарыз қаражатын қолданады. Өйткені жоғарыда айтып кеткен жобаларды, бір ғана ағымдық кірістер есебінен жүзеге асыру мүмкін емес. Ал компанияның тұрақтылығы, басқарушылық қабілеті бірінші кезекте, сала қызметкерлеріне тікелей байланысты. Себебі барлық цифрлардың артында команда еңбегі жатыр. Компанияның бір ғана 1% тиімділігінің өзі – ондаған миллиард теңге.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды