Мұнайлы астананың мүмкіндігі мол

Сұхбат
18.11.2016, 12:50

 «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Атырау бөлімшесі мұнайлы өңірде орналасқандықтан тасымалдың дені де қара алтын өнімдері. Қазақстан темір жолы құрамында өзіндік орны бар кәсіпорынның басшысы Бөріхан Беркімбаевпен сұхбатымыз мұнайлы астана теміржолшыларының  тынысы жайлы өрбіді.

 – Бөріхан Сматоллаұлы, Атырау облысы аумағын басып өтетін темір жолдың әлеуеті жайлы әңгімелеп берсеңіз? – Атырау жүк тасымалы бөлімшесі құрамындағы темір жолдың ұзындығы бүгінгі таңда 706,8 шақырымды құрайды. Салынып жатқан жаңа жолдар біздің өңірден өтпегендіктен жаңадан қосылған телімдер жоқ. Жаңадан темір жол жүйелері қосылған жоқ. Мұнайлы өлке болғандықтан, ең алдыменен тасымалданатын жүктің де басым бөлігін көмірсутегі шикізатының өнімдері, мұнай-газ саласы кәсіпорындарының өнімі құрайтыны белгілі. Бірақ, бізге байланысты емес жағдайларға орай, соңғы кезде мұнай тасымалдау көлемі төмендеді. Айталық, баршаға белгілі себеппен, Қашаған кен орнының мұнай өнімін тоқтатуынан ірі жүк жөнелтуші «Теңізшевройл» ЖШС қалыпты мұнай өнімінің (тәулігіне 76000 тонна) көп мөлшерін (тәулігіне 63000 тоннаға дейін) құбырмен тасымалдауға көшті. Соның салдарынан, мұнай өнімін темір жол көлігімен тасымалдау мөлшері күрт төмендеп кетті. Бұл бізге, үлкен сынақ болды әрине, себебі біздің тасымалдау мүмкіндігіміз де жоғары, инфрақұрылымымыз да жетілген, қандай көлемге де төтеп бере алатын қауқарымыз бар. Дегенмен, қол жеткенді қанағат ететін болсақ, осы жылдың тоғыз айында Атырау жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 17 млн 062 мың тонна жүк тасымалданды. Аймақтағы ең алпауыт кәсіпорын «Теңізшевройл» ЖШС  29 933 ваг/ 966 177 тн. пропан, бутан газ өнімдерін тиеді. Оның ішінде: Одесса темір жолы арқылы Украина бағытына 11 862 ваг/398 685 тн., Львовская темір жолы арқылы Словакия, Венгрия, Польша елдері бағытына 10 202 ваг/316 491 тн., Белоруссия темір жолы бағытына 4361 ваг/139 029 тн., Қытай бағытына 565 ваг/17 319 тн., Қазақстан ішінде 2279 ваг/ 73 779 тн., Ресейдің Октябрь темір жолы арқылы Финляндия бағытына 159 ваг/ 4929 тн. газ өнімдері және Солтүстік Кавказ темір жолы арқылы Вышестеблевская станциясына 437ваг/ 25 959 тн. мұнай тасымалданды. – Жаңа резервтер көзі бар ма, болашаққа қандай болжам жасауға болады? – 2007 жылы Атырау жол бөлімшесінің өткізу мүмкіндігін арттыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау – Ақсарай телімінде Кызылжар және №6-шы бекеттері, Мақат – Құлсары телімінде Шокпартоғай және Бәйтерек бекеттері ашылды. Бұл аймақ темір жолының өткізу мүмкіндігін еселеп арттырған тиімді жобалар болды. Ал енді бүгінгі таңда мұнай өнімдерін қала ішіне кіргізбей, сыртпен, Теңдік станциясы арқылы мұнай зауытына тасымалдау көзделіп отыр. Соған байланысты, Теңдік станциясында «РТИ Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 2 жол салынды. Станция ғимаратында қайта құру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, «Атырау мұнай өңдеу» зауытында мұнайды тереңнен қайта өңдеу кешені құрылысы, көлік инфраструктура нысаны жүргізілуде. Аталған құрылыс монтаж жұмыстары жылдың аяғына қарай аяқталады деп күтіліп отыр. Жобаның 70 пайызын Қазақстандағы мұнайгаз секторында логистикалық қызметтердің толық түрін көрсететін теміржол саласындағы жетекші көліктік-экспедиторлық компания «Petroleum» ЖШС, ал 30 пайызын «АНПЗ» ЖШС қаржыландырды. «Petroleum» компаниясы мұнайгаз өнімдерін тасымалдау, вагон-цистерналарды жалға беру, дайындау, қабылдап-жөнелту, т.б. жұмыстармен айналысады, сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жылына 4,5 млн тонна тасымал көлемі бар ресми экспедиторы болып табылады. Батыс Қазақстан аймағында 2011-ші жылға дейін мұнай өнімдерін тасымалдау көлемінің артуымен байланысты Мақат станциясында реконструкция жасалып, парктің қабылдау-жөнелтуін жеңілдетіп, өткізу мүмкіндігі арттырылды. Ақжайық станциясында жүргізілген жаңғырту жұмыстары нәтижесінде қолданыстағы және жаңадан салынған бағыттамалық бұрмалар мен маневрлік сигналдар электрлендірілген орталыққа қосылды, жаңа ғимарат салынды. Электрлендірілген орталық жүйесінің жаңғыртылуы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пойыздарды өткізу қабілетін арттыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін №441, Доссор, Қарабатан бекеттерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, қосымша жолдар салынды. Егемендік алған 25 жылдың ішінде Ескене, Мұқыр, Жантерек, Мақат, Нарын, Аққыстау станцияларында вокзал ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Міне, осының бәрі болашаққа жақсы болжам жасауға мүмкіндік береді бізге. – Қала қақпасы темір жол вокзалы жөндеуден өтіп, жүрдек пойыздар қатынасы артқаны да аймақ халқының игілігі емес пе?! – Компания басшылығының қолдауы арқасында қаламыздың темір жол вокзалы мен бөлімшеміздің бас ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Халық сұранысына байланысты Атырау – Алматы, Атырау – Астана бағыттарына «Тальго» жолаушылар пойыздарын жіберуді сәтті жүзеге асырдық. Локомотив паркі «Эволюшн» отандық тепловоздарымен қамтамасыз етілді. – Теміржолшы халықтың әлеуметтік ахуалына көмек пен қолдау жайын да айтып өтсеңіз? – Теміржолшыларды әлеуметтік қолдау, басқа-басқа темір жолда қандай қиын-қыстау заманда да  күн тәртібінен түскен емес. Біз мысалы, соңғы жылдары Мақат станциясында тұратын теміржолшыларға 115 пәтер пайдалануға бердік. Жақын күндері тағы да 15 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Биылғы жылы Атырау жол бөлімшесі теміржолшыларының 250 баласы демалды, 209 теміржолшы  Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Кавказ сауықтыру орындарында болып қайтты.  «Жәрдем» медициналық-диагностикалық пойызы Ганюшкин – Құлсары – Сағыз аралығындағы шалғай станция мен жол айырықтарындағы және алыс елді мекендердегі тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті. Медициналық пойыз өңірімізде 24 күн қызмет жасап, 14 станцияға аялдады. Онда 2767 мың адамды қарап, оларға 30 мыңнан астам сапалы медициналық-консультативтік қызметтер мен шағын операциялық көмектер көрсетті. Осыған дейін Дина Нұрпейісова станциясындағы тұрғындардың осы станцияға жолаушылар пойызының тұрмайтындығы және соған қатысты билет кассасының болмауы олардың еркін жүріп-тұруына, тіршілік-тұрмыс жағдайларына теріс әсер ететінін айтып шағымданған болатын. Шекаралық талаптарға сәйкес, аталған станцияда билет кассасын ашып, жолаушылар пойызын тоқтату қанша қиын болса да, осы өткен жаз айында халық үшін бұл мәселені де шешіп бердік. Қазіргі уақытта Дина Нұрпейісова станциясында билет кассасы ашылып, жұмыс жасап келеді. Жолаушы пойызы кестеге сай аялдама жасайды. Елдегі болып жатқан тосын оқиғаларға да атыраулық алғашқылардың бірі болып көмек қол созып, елдік шаралардан тыс қалмауға тырысады. Республикалық акциялар мен қайырымдылық шараларға түгел қатысамыз. Іргелі отандық кәсіпорын болғасын, елдегі болып жатқан барлық жағдайларда үн қосып отыруға тырысамыз. Мысалы, былтыр Атырау қаласында табиғи апат салдарынан жаңбырдан материалдық шығын көрген 8 адамға жалпы сомасы 760 мың теңге қаржылай көмек көрсеттік. Биылғы жылы да толассыз жауған жаңбыр салдарынан жапа шеккен 2 адамға 260 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?