Теміржолшылардың мүддесін қорғау– міндетіміз

Сұхбат
25.06.2021, 12:36
Асхат Райқұл

Кәсіподақтың жұмысы қай қоғамда да маңызды. Өйткені, қанша жерден әділ қоғам орнағанымен, жұмышы мен жұмыс беруші арасында түсініспеушілік болмай тұрмайды. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораевпен сұхбатымыз осы тақырып төңірегінде өрбіді.

– Серік Әбілдаұлы, кәсіподақ ұйымының мүшелері теміржолшылар құқығы мен оған кәсіподақтың әсері туралы әңгімелеп берсеңіз.

– Кәсіподақтың мүшелері, яғни теміржол- шылар өздерінің жұмысына қатысты мәселелер бойынша бізден кез келген заңгерлік көмекті тегін алуға құқылары бар. Сонымен қатар бұған Ұжымдық шартта және ресми заңнамада көзделген экономикалық және әлеуметтік жеңілдіктер мен нормалар да кіреді. Біз қызметкерлерге қатысты әділетсіз әрекеттер жасалған, кемшін шешімдер қолданылған жағдайда кәсіби тұрғыда қорғауға мүдделіміз. Жұмыстан шығару оқиғаларына да араласуға құқымыз бар. Сотта да кәсіподақтың құқықтық қорғауға араласуына болады. Кәсіподақ мамандарының еңбекақыны уақытылы төлеу және есеп айырысу мәселелері бойынша көмегі де аса маңызды. Жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын жақсарту бойынша мүдделерді қорғауға міндеттіміз. Ықтимал өндірістік жарақаттардан қосымша сақтандыру бағытында да атқарған жұмыстарымыз баршылық. Теміржолшыларды спорттық және мәдени құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге септесіп тұрамыз. Айта кетейін, біздің бастауыш кәсіподақ ұйы- мы активінің жалпы саны 12 адамды құрайды. Кәсіподақ комитетіне ұйымның неғұрлым белсенді мүшелері жиналған. Өткен жылы ұйымдастырылған 11 отырыста кәсіподақ қызметінің барлық бағыттарын қамтитын мәселелер, оның ішінде Ұжымдық шарттың сақталуын бақылау, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, ақпараттық жұмыс, еңбекті қорғау, қызметкерлерді сауықтыру, мәдени-бұқаралық жұмыс, т.т. талқыланды. Жалпы, кәсіподақтың атқарып отырған жұмысы аз емес. Алдағы уақытта жастарды кәсіподақ жұмысына белсенді түрде тартып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, жас қызметкерлер үшін түрлі форумдар өткізетін боламыз. Сондай-ақ кәсіподақ пен ұжымның тығыз ынтымақтастығын арттыра түсуді әркез күн тәртібінен ысырған емеспіз. Жоспарлы әртүрлі іс-шаралар да өткіземіз. Оның ішінде мәдени-бұқаралық кештер, спорттық ойындар, қайырымдылық көмек шараларын, балалармен жұмыс бағытын назардан тыс қалдырмаймыз. Жыл сайын филиал қызметкерлері арасында футбол, хоккей, бильярд, шахмат ойындары, зейнеткерлер мен теміржолдың еңбек арда- герлерін белсенді түрде тарта отырып, түрлі турнирлер өткізіледі. Рас, әлем елдерінде қалыптасқан пандемиялық жағдайға, карантиндік ахуалға байланысты мұн- дай шаруалар біршама кідіріс тапқан болатын. Мемлекеттің, жергілікті биліктің, біздің компания басшылығының жүйелі атқарған жұмыстарының арқасында халықтың денсаулығы қалыпқа түсіп келеді. Қауіпті індетті жеңіп келеміз.

– Жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестіктің негізгі құралы Ұжымдық шартқа тоқталсаңыз.

– Ұжымдық шарт қолданыстағы еңбек заңна- масының шеңберін кеңейтуге, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қосымша қаржылан- дыруды қамтамасыз етуге, қызметкерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуға, оларға материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Кәсіподақ ұйымының төрағасы жоғары тұрған кәсіподақ ұйымының шешімдері мен қаулыларын ұжым мен директордың назарына жеткізеді. Бір жыл ішінде кәсіподақ комитеті мен Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты бұйрықтар мен өкімдер келісілді. Бұған еңбек нормалары, еңбекақы төлеу, мереке алдындағы және мереке күндеріндегі жұмыс, еңбекті қорғау мәселелері, қызметкерлердің сауығуы мен демалысын ұйымдастыру мәселелері және басқалар кіреді. Бүгінгі таңда ұйымның барлық қызметкерлері ұжымдық шартқа сәйкес берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалану үстінде. Барлық жұмыс орындарында жекелеген жұмыс түрлеріне арналған еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар бар. Нұсқаулықтарды ұйымның директоры бекітеді және кәсіподақ комитеті шешімінің хаттамасы негізінде кәсіподақ коми- тетінің төрағасымен келісіледі. Қажет болған жағдайда жаңа қосымшалар қабылданады.

– Еңбекті қорғау – қауіп-қатері мол өндірісте жұмыс істейтін теміржолшылар үшін ма- ңызды мәселе. Бұл тұрғыда нендей шаралар қолға алынуда?

– Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету – бөлімшенің басым міндеттерінің бірі, өйткені мұнда әрбір адам пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне жауап береді. Сондай-ақ кәсіподақ пен әкімшілік ұжымның бірлескен күш-жігерімен қауіпсіздік мәселелерін шешуді қолға алды. Мекемеде теміржолшылардың қатысуымен түсіндіру жиындары, нұсқаулықтар жиі өткізіледі. Қа- уіпсіздік техникасын жан-жақты ұғындыратын бұрыштар құрылған. Қазіргі уақытта бөлімшенің барлық қызметкерлері арнайы киіммен қамта- масыз етілген. Жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай семинарлар, викториналық сұрақтар мен арнайы басқосулар ұйымдасты- рылып тұрады. Кәсіподақ комитетінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мәдени-бұқаралық жұмыс болып табылады. Өйткені, жақсы демалыс жұмысқа қабілеттілікті арттырады және күш-жігерді көтеруге ықпал етеді. Қызметкерлерді кәсіби және күнтізбелік мерекелермен, мерейтойлық даталармен, баласының дүниеге келуімен құт- тықтау игі дәстүрге айналған. Мерейтойлық даталарға орай қызметкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіледі.

– Сала қызметкерлерін қаржылық қолдау, көмектеріңіз, жалпы қазыналарыңыздың игерілуі бағытындағы шаруаларыңыз туралы айтып бересіз бе?

– Кәсіподақ ұйымының қызметін қаржылық қамтамасыз ету заңнама мен бухгалтерлік есеп нормаларын сақтай отырып, кәсіподақ комитеті бекіткен сметаға, кәсіподақ комитетінің шешімдеріне сәйкес жүргізілді. Мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу және материалдық көмек көрсету үшін кәсіподақ комитетінің кірістер мен шығыстар сметасында арнайы қаражат көзделген. Қа- ражатты шығыстар баптары бойынша бөлу кәсіподақ комитетінің шешімімен бекітілген. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы өткен жылы материалдық көмекке 15 300 000 теңге шамасында қаржы жұмсады. Елдегі қауіпті індетке байланысты орын алған төтенше жағдай кезінде біздің ұйым да әрбір қайырымдылық әрекеттерінен шетте қалған жоқ. Бес Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагеріне моральдық қолдау көрсетіп, материалдық көмегімізді бердік. Сондай-ақ көп балалы теміржолшылардың отбасылары мен жалғызбасты аналарға, мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге жәрдемімізді аяған жоқпыз. Оларды азық-түлік себеттерімен қамтамасыз еттік. Біздің бөлімше қызметкерлерінің арасында 5 және одан көп баласы бар отбасылар жетерлік. Сондай шаңырақтардағы 159 жеткіншекке жалпы сомасы 1 853 000 теңге көлемінде қай- ырымдылық жасалды. Сондай-ақ, өндірістік жарақат алған 12 адамға, Екінші дүниежүзілік соғысқа қа- тысқан 6 ардагерге және түрлі себеппен 217 теміржолшыға жалпы сомасы 2 630 000 теңге көлемінде ақша үлестірілді. COVID-19 індетін жұқтырған 9 қызметкерімізге кәсіподақтан 216 000 теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді. Түрлі жарыстарға қатысушыларға, мамандық бойынша үздіктерге, мерейтойлық датамен зейнетке шыққан мамандарымызға 6 173 175 теңге берілді. 6 942 000 теңгені коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына бағыттадық. Бұл қаржыға медициналық маскалар, қолғаптар, антисептикалық құралдар сатып алынды. Спорттық іс-шаралар өткізу үшін спорт залдарын жалға алуға, бильярд, футбол ойындарынан турнирлер өткізуге, спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға 400 000 теңге бөлдік. Білім күніне орай теміржолшылардың үйіндегі 105 оқушыға 1 600 000 теңге сомасындағы қаражатқа мектепке қажетті керек-жарақтарын алып бердік. Сонымен қатар әртүрлі байқау, жарыстарға қатысушыларымызды марапаттап отырамыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті
Инфрақұрылым
19.05.2026
«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр
Аймақтар
19.05.2026
Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды
Аймақтар
19.05.2026
Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
19.05.2026
Жаңа техникалар алды
Инфрақұрылым
19.05.2026
Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды
Жаңалықтар
19.05.2026
Жауапкершілік жүгі ауыр
Аймақтар
19.05.2026
Жәдігерлер – өткен күннің белгісі
Жаңалықтар
19.05.2026
11 локомотив пайдалану депосы жаңа техникаға ие болды
Спорт
19.05.2026
Аманжол – Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №38 19 мамыр 2026 жыл
Жүк тасымалы
18.05.2026
Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ
Әлемде
18.05.2026
Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті
Спорт
18.05.2026
Тараз теміржолшылары арасында тораптық спорт жарысы өтті
Әлемде
18.05.2026
Еуропа теміржолдарына бірыңғай билет жүйесі енгізілмек
Жаңалықтар
18.05.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды
Әлеумет
17.05.2026
Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебі салынуда
Инфрақұрылым
16.05.2026
Қазақстанның бес өңірінде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын