ҚТЖ-да персоналды аттестациялау нәтижесі нені көрсетті

Басты жаңалықтар
28.01.2022, 16:00
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компанияда аттестациялау рәсімін жетілдіру мақсатында былтыр Жұмысшыларды аттестациядан өткізу ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша компания әкімшілік персоналының ішінен 803 қызметкер аттестациядан өткен.

Соның нәтижесінде өз қызметіне олардың 93 пайызы лайықты деп танылған, бұл 747 адам. Ал қалған 6,6 пайызы, яғни 53 адам аттестациядан қайта өтеді. Өкінішке орай, 3 адам өз қызметіне лайықсыз деп танылды.

Биыл ҚТЖ-да персоналды аттестациялау үдерісін одан әрі жетілдіру жоспарлануда. Бұл туралы жақында ком- панияның кадр саясаты бойынша өткен жиында Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Жанар Бейжанова баяндады. Оның айтуынша, компанияда жұмысшылардың қызметін бағалау жыл бойына жүзеге асырылады.

Осы ретте қызметкердің мақсат қоюы, сол мақсаттардың орындалу деңгейіне ұдайы мониторинг жүргізу, құзыреттілік бойынша бағалау және өзін-өзі бағалау, калибрлеу сессияларын жүргізу, нәтиже бойынша жұмысшы- лармен конструктивті және тұрақты кері байланыс орнату жұмыстары жүргізіледі.

«Былтыр бірінші тоқсанда 2020 жылдың қорытындылары бойынша компания тобында жұмысшылардың қызметін кешенді бағалау нәтижелері шығарылды. Бағалау периме- трі екі есе, яғни 1161 адамнан 2649 адамға дейін көбейтілді. Нәтижесінде 393 қызметкер кадрлық резервке алынды, бұл – жалпы көлемнің 15 пайызы. Олардың 58-і ротацияға ие болды. Қызметті бағалау құрылымдық бөлімшелерде ғана емес, сонымен қатар ұлттық компанияның еншілес ұйымдарында да жүргізіледі. 2021 жылдың қорытындысы биыл наурыз айында шығарылады», – дейді Ж.Бейжанова.

Қызметті бағалау үдерісі кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен жалақының грейдтік жүйесіндегі әкімшілік-басқару персоналы кіргізіледі, одан әрі еңбекақының тарифтік және сатылық жүйесіндегі еншілес ұйымдар мен филиалдардың жұмысшыларының қызметін жартыжылдық бағалау жоспарлануда. Былтыр алғашқы жартыжылдықта орталық аппарат жұмысшылары үшін бағалаудың осы түрі HR KPI жүйесінде автоматтандырылды. Бұрын бағалау қағаз түрінде қолмен жиналатын, бұл ұзақ уақыт алатын. Автоматтандырылған жүйенің енгізілуімен жинақтау үдерісі айтарлықтай қысқарған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды