Қосымша пойыздар шығады
Жаңалықтар
31.05.2016, 11:52
Жаз – демалыс маусымы. Соған орай темір жол көлігін пайдаланушы жолаушылар саны да күрт өсетіні белгілі. Осы маусымдық себептерге байланысты қосымша пойыздар шығатыны қалыпты жағдай.
Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында бұл жолы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 3 маусымнан бастап Ақтөбе – Атырау бағытында қосымша №102/101 жүрдек пойызын шығармақ. Бұл жағымды жаңалық екі облыс халқына да оңынан болғалы тұр. Өйткені бұл бағытта билеттердің тапшы екені көптен белгілі мәселе.
–Екі араны жол қылатын атыраулық және ақтөбелік тұрғындар көп. Біріншіден, мұнайлы өлкеге жұмысқа, атап айтқанда жалақысы көп мұнайшылық жұмыстарға вахтамен қатынайтын ақтөбе халқы. Орташа айлық жоғары болғандықтан ол жаққа қатынайтындар артқан. Ал керісінше, Ақтөбеге болса, білім алуға келетін жастар да осы бағыттағы пойыздардың тұрақты жолаушылары. Сондықтан жаңа пойыздың қосылуы өте дер кезінде жасалған шаруа дер едім, – дейді Ақтөбе тұрғыны Әсет Жомарт.
Қоғамның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл пойыз «СВ» класты 14 вагоннан құралған және аптасына бір рет қатынайды. Пойыздар Атырауға дейін 12 сағат 13 минут, Ақтөбеге дейін 11 сағат 38 минут жүреді. Жүрдек пойыз Ақтөбе станциясынан аптаның әр жұмасында кешкі 21 сағат 10 минутта жолға шықса, керісінше, Атырау станциясынан 22 сағат 5 минутта аттанады.
Райхан Рахметова
Астана
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл