Басты ұстаным – сақтық шаралары

Жаңалықтар
20.01.2017, 11:36
Түркістан мен Майлытоғай станциялары арасындағы екі жүзден астам шақырымды алып жатқан телім бойындағы теміржол нысандары мен жергілікті тұрғындарды электр қуатымен қамтып, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысының сақталуына қызмет жасайтын Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының Шиелі станциясындағы аудандық электр жүйесі мекемесі. Өткен жылы Шиелі ауданаралық электр жүйесі ұжымы жыл басынан бері телімдердегі КТСМ-02, СОБ және АЛСН құрылғыларын қуат көзімен қамтамасыз ету, оларға техникалық күтім шараларын  жүргізу және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын кінәратсыз, ақаусыз аяқтаған. Шиелілік электриктер белгіленген іс-шараларды өз уақытында орындаған. Мәселен, электр құрылғыларына техникалық күтім жасау жұмыстарына біркісідей атсалысып, автобұғаттау мен ток көзі құрылғыларының жоғары кернеу желісінің 129,54 шақырымын қыркүйек-қазан айларында  2423,36 шақырымын жыл басынан бері бақылаудан өткізген. Жоғары кернеулі (ВЛ) автобұғаттаудың әуе өтпелерін ИТР (инженерлі-техникалық жұмыс тобы) қатысуымен 162,9 шақырымы тексеріліп, бақыланған. –Телімдердегі техникалық тексеріс барысында жоғары қуатты электр бағаналары құрылғыларының жай-күйі тексерілсе, қыркүйек, қазан айларында 215 дана, жыл басынан бері 533 дана ЭО постыларының кіріс панельдеріне негізгі және қосалқы ток көздерінен берілетін куат күштері өлшемнен өткізілген. Сонымен қатар қыркүйек-қазан айларында15 дана жоғары кернеулі (ВЛ) автобұғаттау фидерлерінің ток көздеріне қосылып-ажыратылуы тексерілді. Телім бойында электр қуатының іркілісін болдырмау үшін құрылғыларды техникалық баптау шараларымен қатар ағымдық күтім жұмыстары уақытылы жүргізілуде, – дейді аудандық электр жүйесі басшысы Алмат Үмбетов. Шиелі станциясындағы аудандық электрмен қамтамасыз етушілердің мемлекет мүлкін өз заттарындай күтіп ұстап, оларға уақытылы техникалық күтім жасап, ағымдық жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізетіндері байқалады. Және де тұтынушыға электр қуатының іркіліссіз, қажетті нормада жеткізілуі үшін құрылғыларға қосымша күтім жасау шараларын сапалы атқару ұжымда қалыптасқан  дәстүр. Жалпы алғанда ұжымның әрбір мүшесі өзінің кәсіби міндетін кемшіліксіз атқаруға дағдыланған. Қауіпті кәсіп иелерінің басты ұстанымы – сақтық шаралары. 0Қосымша атқарылған жұмыстардың сапында темір-бетонды электр бағаналарының 15 данасының техникалық жағдайы байқаудан өтті, 20 дана ПОНАБ КТПО-ларды тексеруден өткізу, теміржол өткелдерінің 90 дана жарықтандыру шамдарын бақылап, істен шыққан жарық беру жүйелерін жаңасымен алмастыру, темір жол нысандарындағы 162 жарық беру бағаналарына техникалық күтім жасалып, 797 изоляторлар жаңартылды, 3,750 км электр желілерін ауыстыру, 0,5 км электр желісін тартып байлау және электр қуатының таратылуына кедергі келтіретін 0,21 км аумақтағы ағаш бұтақтарын кесу секілді жұмыстар сырт қарағанда көзге көрінбейді, бірақ орындалуы тиіс шаралар, – дейді шиелілік ұжым басшысы. Дегенмен, осы қарапайым тірліктің тыңғылықты жүргізілмеуі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себепші болатындықтан аса мұқияттылықты қажет етеді. Сондықтан «жұмыстың үлкен-кішісі болмайды» ұстанымы ұжымда берік орныққан.   

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Шиелі

Суретті түсірген Өмірбай Түменбай

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?