«QazIndustry» компаниясы «Қамқор Вагон» ЖШС шығындарын өтеп берді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Компанияның игі бастамаларына қолдау көрсетіп, еңбек өнімділігін арттыруға, кәсіпорындардың құзыреттілігін ұлғайтуға, технологиялық процестерді жетілдіруге және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындарды өтеп беріп отырған QazIndustry көмегі 1500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған вагон жөндеу кәсіпорны үшін үлкен көмек болып отыр. «Қамқор Вагон» ЖШС-нің негізгі тапсырыс берушісі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы болып табылады. Жыл сайын компания 15 мыңнан астам жүк вагондарын және 25 мың жұп доңғалақтарын жөндейді.