Төтенше жағдайға дайын

Жаңалықтар
31.05.2016, 12:06
Астана вокзалында №9 «Алматы – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызында кездескен белгісіз күдікті науқасты анықтауға байланысты оқу-жаттығу өткізілді.   Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткен оқу-жаттығу жолаушылар пойызында белгісіз «этиология безгегіне» күдікті науқасты анықтау кезінде эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралардың барлық мүдделі қызметтерін пайдаланып жұмыс жасау мақсатында жүргізілген болатын. Сценарий бойынша 23 мамыр күні Астана уақытымен сағат 14:40-да Астана бекетінің станциялық диспетчеріне №9 «Алматы – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызының басшысынан телефон бойынша №14 купелі вагондағы 35 жастағы В. деген жолаушыдан  белгісіз «этиология безгегіне» күдікті аурудың белгілері жолсерікпен анықталғаны туралы хабарланды. Жолаушының дене қызуы 38,30С-қа дейін жоғарылаған, терісінде бөртпе пайда болған және қалтырау мен әлсіреуге шағым білдірген. Аурудың табылғаны туралы ақпарат мемлекеттік органдар мен ұйымдардың барлық қатысты лауазымды тұлғаларына схема бойынша жеткізілді. Оқу-жаттығу барысында карантиндік-шектеулі шараларды жолаушылар пойызында ұйымдастыру бойынша және ауырған науқаспен байланыс жасаған адамдарды емдеу-профилактикалық ұйымдарға оқшаулауға және ауруханаға жатқызу бойынша медицина мекемелерінің, Астана станциясы мен вокзал қызметінің, пойыз бригадаларының өзара әрекеті мен жедел жауап қайтаруы туралы мәселелер қарастырылды. Барлық қатысты қызметтер карантиндік аурулардың таралуы мен әкелінуінің алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және емдеу шаралары мен ұйымдастырылған кешенді жоспар аясындағы өз қызметтерін атқарды және әрекет алгоритмі өз уақытында рет-ретімен орындалды. Қызметтердің кез-келген уақытта орын алуы мүмкін төтенше жағдайға дайын екендерін байқатты. Оқу-жаттығуға департамент басшысының орынбасары Ф.Б.Бисмилдин, бөлім басшысы Айгүл Қаспарова, бас маман Айжан Жүнісова, жетекші маман Динара Әділхановалар қызу атсалысты.

Абзал ТӨРЕБАЙҰЛЫ

Жүк тасымалы
05.12.2025
«Достық – Алашаңқай» түйіспесі арқылы тасымалдау 6% өсті
Қауіпсіздік
05.12.2025
Мақсат – қауіпсіздік мәдениетін арттыру
Аймақтар
05.12.2025
Қызылордада теміржол автоматикасын жетілдіру жолдары қаралды
Жүк тасымалы
05.12.2025
Транскаспий дәлізі бойынша Қытайдан келетін транзит 12%-ға артты
Аймақтар
05.12.2025
Қандыағашта «Үздік вагон қараушы» анықталды
Жаңалықтар
05.12.2025
ҚТЖ-да WorldSkills Kazakhstan 2025 аясында локомотивті басқару конкурсы басталды
Жаңалықтар / Мұрағат
05.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №101 05 желтоқсан 2025 жыл
Қауіпсіздік
04.12.2025
Жамбылда зілзала кезіндегі іс-қимыл пысықталды
Жүк тасымалы
04.12.2025
Журналистерге өзбек шекарасындағы астық экспортының логистикасы көрсетілді
Қауіпсіздік
04.12.2025
Өрт кезіндегі әрекет
Спорт
04.12.2025
Үздік үштік анықталды
Жаңалықтар
04.12.2025
Пойызда төбелес шығарған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
Жүк тасымалы
03.12.2025
Чунцин – Будапешт бағыты бойынша тұрақты жүк тасымалы басталды
Жүк тасымалы
03.12.2025
Жаңа бағыттар іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
03.12.2025
14 желтоқсаннан бастап «Астана – Омбы» бағыты бойынша пойыз қатынайды
Инфрақұрылым
03.12.2025
2025 жылға арналған жолдарды жөндеу жоспары асыра орындалды
Жаңалықтар
02.12.2025
Цифрлық кешен бригадалардың өндірістік қауіпсіздігін және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттырады
Жүк тасымалы
02.12.2025
ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау 287,8 млн тоннаға жетті
Жаңалықтар
02.12.2025
Өзара сенім мен ынтымақтастық жолында
Сұхбат
02.12.2025
Басты міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру