Қамданған қапы қалмайды... 

Жаңалықтар
24.01.2017, 12:28
Биылғы қыс еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерінде қалың түскен қармен күрес, әсіресе көлік жолдарының мамандарын әбігерге салуда. Қалыптасқан үрдіс бойынша теміржолшылар қармен күрес шараларына жұдырықтай жұмылған. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Ақмола тасымалдау бөлімшесі жылдағыдай облыстың қала және аудан көлеміндегі жергілікті билігіне елді мекендерді қардан тазалау жұмыстарынада  көмек беруде.  Қазіргі таңда сондай жұмыстардың бір легі  Атбасар қаласында жүргізіліп жатыр. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Вячеслав Мироновтың айтуынша, бұл өңірде қалың қарлы қыстан кейін көктем жеткенде сел басу қаупі туатын үш станция бар екен. Олардың қатарында Атбасар, Ақкөл, Бурабай станциялары бар. Сол себепті мұнда қазірде тек темір жол станцияларында ғана емес, жақын қалалар мен ауылдарда да қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. -Қармен күресті, тау боп үйілген қарды тазалауды көктем келгенде бастаймыз ғой деген болмайды. Ол кезде тым кеш болатынына өткен жылдардың тәжірибесі көз жеткізді.  Біз, теміржолшылар жыл сайын  осы қаңтар  және ақпанның аяғына дейін қар тазалаумен айналысамыз, биыл жергілікті әкімдікке де көмектесудеміз. Бүгінде Атбасар станциясының басы қардан түгел тазартылды. Біз өзімізге тиесілі аумақты және 50 метрге дейін іргелес жатқан бөлінген жолақты уақытылы қардан тазалап отырмыз. Қыс басталғалы Атбасар станциясынан 82760 текше метр қар шығарылды, - деп ақпар берді В. Миронов.     Атбасар қаласы көктемде барлық су ағындары осында әкеп құятындай жерде орналасқан. 2014 жылы мұнда өте күшті су тасқыны болған, сондықтан жүк тасымалы бөлімшесі мен әкімдік және төтенше жағдайлар қызметі бірлесе қаланы су басып кетудің алдын алып отыр. Бөлімше қызметкерлері мүмкіндіктеріне қарай арнайы қар тазалайтын техникалармен әр күн сайын қарды жинап,  қала сыртына апарып төгеді. -Биыл біз 450 кг жарылғыш зат бөлдірдік. Керек жерінде қатқан мұзды тез бұзу үшін соларды пайдаланамыз. Біздің міндетіміз – көктем келгенде судың темір жол көпірлерінен кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, - дейді В. Миронов, - Әкімдік те нақты жұмыстар жүргізіп жатыр. Олар еріген қар суы үшін дамбалар салу жұмыстарын күшейтуде.  Иә, қармен күрес бүгінгі таңдағы ең басты науқан болып отыр.  Таяуда Атбасарда темір жол және жергілікті әкімдік, ТЖ департаментінің қатысуымен жоспарлама жиын болған. Онда қармен күрес мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланған. Мұндай кездесулер Ақкөл және Бурабай станцияларында да өткізілмек.

Динара ЗАЙТОВА

Райхан РАХМЕТОВА

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі