Дөңес қызметі жетілдірілуде
Жаңалықтар
24.01.2017, 12:36
Семей станциясы Шығыс өңіріндегі ең ірі тораптық әрі түйіспелі станция саналады. Қазіргі күні аталмыш станциядағы техникалық үдерістерге тың жаңашылдықтар енгізілуде. Оның ішінде станция басындағы автоматтандырылған сұрыптау дөңесінің жұмысы бірінші кезекте назарға алынып, жүйелендіріліп жатыр.
Қазіргі уақытта станциядағы дөңес басында қызу еңбек қарқын алуда. Жыл басындағы көрсеткіш жоғары. Атап айтсақ, осыған дейін бір ғана сұрыптау мезетінде жеті вагон өңделген болса, дәл бүгінгі күні, жаңа техникалық процестер нәтижесінде оның көлемі 800 тонна болатын 20 вагонға дейін арттыруға мүмкіндігіне қол жеткізіліпті.
-Өңделетін вагондар санының бұлайша күрт артуына өткен жылдың күз айында станция басындағы өндіріске енгізілген жаңа техникалық процестің оң нәтижесі ықпал етіп отыр, - дейді станция бастығы Ғабит Есқожанов. Яғни, байырғы тех. үдеріс ауыстырылысымен дөңестегі жұмыс та ширап сала берген.
Ал тиімділігі сол, осы жаңашылдықтың есебінен, бүгінгі таңда тәулігіне 1 мың 789 вагон өңделеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылдың есепті мерзімінде 1 479 вагон ғана сұрыпталатын еді. Яғни, бүгінде жетістік көлемі еселеп, 300 вагонға дейін артып отыр.
Өндіріске енгізілген жаңашылдықтар нәтижесінде сұрыптау дөңесіндегі жұмыс барысы әлдеқайда ширатылды. Мәселен, қазір небары 15 минуттың ішінде 57 вагонды әзірлеуге болады. Бұл дегеніміз қас-қағым сәтте бір жылжымалы құрам жасақталады деген сөз. Ал жалпылама айтатын болсақ, қазіргі уақытта тәулігіне 15 пойызды жасақтап, сапарға аттандыруға толық мүмкіндік бар.
Рас, әлі де тыңғылықты жұмыс жүргізіп, тиімділікті еселеу қажеттілігі байқалады. Мысалы айтсақ, алдағы уақыттарда сұрыптау ісін бір ғана маневрлік жұмыспен жүргізу ісі көзделуде. Өйткені, қазіргі таңда вагондар салмағы 2,500 тоннадан асса қос маневрлік айналым жасалады. Яғни, локомотив өнімділігін арттыру керек. Ал осы тарапта алдағы уақытта дөңесті қайта жаңғыртудан өткізу ісі жоспарда тұр. Дегенмен, бұл жайт тағы да қаражат мәселесіне келіп тіреледі екен.
Бүгінде үдеріске жаңадан енгізілген техникалық процес талабы бойынша сұрыптау дөңесі ай сайын арнайы комиссияның қарауынан өтіп, №561 бұйрық негізінде тексеріледі. Бұл орайда айта кетерлігі, дөңес басында жұмыс істейтін теміржолшылар біліктілігін арттырудың маңыздылығы зор.
-Қазіргі күні Семей станциясы бойынша 31 пойыз құрастырушы өнімді еңбек етуде. Араларында еңбек өтілі көп, тәжірибелі мамандар болғанымен жастардың үлесі мол. Сол себепті, кәсіби тұрғыдан шыңдалуға, біліктілікке баса мән беріледі, - дейді Семей станциясының бастығы Ғабит Ғазизұлы.
Бүгінгі күндері дөңес басында әзірше 6 локомотив жұмыс жасауда. Алайда, пойыз санының көбейіп, жүк тасымалының артуына байланысты өңделетін вагондар еселейтін болса, олардың қатарын ең кемі 8 локомотивке жеткізу көзделуде.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі