Ерман Әбдиев, Тараз
Жеті жүзге жуық оқырманы бар
Оқуға 1 мин
Жамбылдық теміржолшылардың рухани және сала бағытындағы керекті кітаптарын алып, өздеріне қажетті сұраныстарын қанағаттандыруда жеті жүзге жуық оқырманы бар ғылыми-техникалық кітапхананың рөлі айрықша.
- Бүгінгі күні аймақта Жамбыл және Шу, Сары-Шаған станцияларында, яғни үш станцияда осындай ғылыми-техникалық кітапхана жұмыс жасап тұр. Ең үлкен кітап қоры Сары-Шыған станциясында. Онда 26 мың кітап қоры болса, Шуда 24 мың, Таразда 21 мың кітап қоры бар. Жыл басынан жеті жүзге жуық оқырманымыз бар. Негізінен кітапханаға теміржолшылар көп келеді. Жүзден аса тұрақты оқырмандарымыз зейнеткерлер. Және облыс орталығында орналасқан №13 Темір жол колледжі, оқыту орталығының студенттері көп келеді. Қала берді теміржол мекемелері техникалық оқыту шараларына қажетті әдістемелер мен әдебиетті де бізден алып тұрады,- дейді Жамбыл жол бөліңмшесіне қарасты ғылыми-техникалық кітапханада еңбек етіп келеді Гүлзат Өмірзақова.
Өкініштісі, соңғы жылдары мерзімдік басылымдарды жаздырып алуға қаржы қысқартылыпты. Бұрындары тұрақты түрде мерзімді басылымдарға жазылып, оқырмандардың сұранысын толық қанағаттандырып отыратын кітапхана ұжымына кітаптар қорының соңғы рет 2011 жылы жаңартылғаны да уайым екен. Дегенмен, кітапхана жиһаздары жаңартылып, оқырмандар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.