Қас-қағым сәтте өткен қырық жыл...

Жаңалықтар
24.01.2017, 13:39
Атырау станциясының құжаттарды реттеу бөлімінің басшысы Сара Төлеуішованың саладағы еңбек  өтіліне биыл 40 жыл толады екен. Еңбек жолын 1977 жылдың желтоқсан айында Атырау станциясында құжаттарды өңдеу операторы болып бастаған.  Сара Мисалқызы көзді ашып жұмғандай уақыт ішінде қырық жыл өткеніне сенер-сенбесін білмейді. «Апырау, бәрі күні кеше ғана сияқты еді, осы станцияға тосырқай да жатырқай именіп келгенім, біраз күн үйренісе алмай жүргенім, кейін туған үйімдей, сосын төркінімдей болып бауыр басып кеткенім...» деп өткен күнді сағынышпен еске алады апай. Биыл алла қаласа зейнеткерлік жасына келуіне байланысты құрметті еңбек демалысына шығады. Қарабатан бекетіндегі теміржолшылар отбасында дүниеге келген Сара Мисалқызы мектеп бітірген соң Ақтөбедегі көлік және коммуникация колледжін «Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тәмамдап шығады. Атырау станциясында құжаттарды өңдеу операторлығынан бөлім бастығына дейін көтерілді. Бір орында, бір жерде қырық жыл еңбек етті. Қаншама шәкірт тәрбиеледі. Шәкірт демекші, Сара Мисалқызының қарамағында  екі қызметкері де өзі баулып өсірген мамандар.  Олардың да еңбек өтілі аз емес: құжат тасымалдарын өңдеуші аға операторы Жанна Қисметованың еңбек өтілі 27 жылға жуықтап қалса, вагондарды есепке алу операторы Алтын Тастемірдің осы салаға бетбұрғанына биыл 38 жыл толады. Әр келіп- кеткен вагондағы жүктің құжаттарының дұрыс болуы осы нәзік жандылардың жауапкершілігінде. Сол себепті өздеріне міндеттелген жұмысты олар жақсы түсінеді. - Бізге жүктелген міндеттің жауапкершілігі сонда- вагон жүктері құжатының қалып қоймай өзімен бірге жөнелтілуі, тіпті вагонның нөмірлері сол құжатта қате кетпеуі тиіс. Өйткені, бір ғана саннан кеткен қате бірнеше қиындық пен кедергіге соқтыратынын біз жақсы білеміз,- дейді қырық жылдық тәжірибесіне сүйенген маман. Сара Мисалқызының теміржолшы болуы әу баста тағдыр маңдайына жазған сый болмса керек. Себебі, әкесі мен нағашылары осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен белгілі жандар.  Әкесі Мисалды Төлеуішов Қарабатан станциясында отыз жыл жол шебері болса,  анасы  Наташа Әминова көп жылдар Ақтөбе- Маңғышлақ пойызында жолсерік болыпты.   Ал нағашы ағасы - Еділ Исағалиев болса, елге танымал теміржолшы болған жан,   одан тараған ұрпақтар бүгінде Ақтөбе және Атырау темір жолында еңбек етуде. Кейіпкеріміз  өмірлік серігі  Болат Қуановпен осы Атырау станциясына жұмысқа тұрғанда танысқан. Ол кезде Атырау темір жол техникумын тәмамдаған Болат аға Атырау сигнализация, белгі беру және байланыс дистанциясына механик болып жұмыс істей бастаған жас жігіт екен. Тағдырлары тоғысқан екі жас шаңырақ көтеріп,   үш ұл тәрбиелеп өсіреді, бүгінде жеті немеренің атасы мен әжесі.  

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

Атырау

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі