Ерман Әбдиев, Тараз
Биылғы жоспар да ауқымды
Оқуға 1 мин
«Теміржолсу-Шу» ЖШС бүгінгі таңда өңірдегі 210 нысандағы су жүйелеріне қызмет көрсетіп отыр.
Ұлттық компанияның бастамасымен жүзеге асқан 2012-2016 жылдарға арналған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында станцияларда қаншама игілікті іс жүзеге асып, мекеме ондаған су құбырларын жаңартып, жөндеуден өткізгені мәлім. Мысалы, өткен жылы Шоқпар станциясындағы сумен қамтамасыз ету ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2,7 км су құбырлары ауыстырылып, станция тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін нысанға екі бактерицидтік құрылғы орнатылды. Аталған мекеменің қызмет көрсететін аумағына Жамбыл станциясы да жатады. Станция облыс орталығында орналасқандықтан мұндағы қызмет көрсететін аумағы да кең. Өткен жылы мекеме облыс орталығындағы өздері қызмет көрсететін аумақтағы ұзындығы 1,6 км су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар серіктестіктің өз қаржысына жүргізілді.
Ал ағымдағы жылы мекеме Тараз қаласындағы Песочный және Байзақ батыр көшесіндегі ұзындығы 383 метр су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Және Желтоқсан көшесіндегі су құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр екен.