Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Шаралар нәтижесіз емес
Оқуға 1 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның тасымал көлемін арттыруға бағытталған іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылғы қаңтарда жүк тиеу көрсеткіші өткен жылғы қараша-желтоқсан айларындағы деңгейді сақтап отыр.
Қаңтардағы 20 күнде жоспарда 5,5 миллион тонна тасымалдау қажет болса, 6,2 миллион тонна тасымалдап, жоспар 113% орындалды. Қаңтарда жүк жөнелтушілермен бірлескен кешенді шаралар нәтижесінде бағдарларды ықшамдау арқылы жартылай вагондардың айналымы жеделдетіліп, тасымал көлемі артқан.
Әрине, жүк тиеу жұмысындағы басты көрсеткіш, ол көмірмен байланысты. Өткен жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында «Шұбаркөл көмір» компаниясы Ресейге экспортқа жөнелтуге тәулігіне 7 мың жартылай вагонды пайдаланып, вагон айналымы 45 тәулікті құраған. Жалпы, өткен жылы теміржол көлігімен көмір тасымалдау 91 миллион тоннаны құрап, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда алты пайыз, ал жоспардан 15 пайыз төменді көрсеткен. Себебі, өткен жылы қыстың жылы болуына байланысты жүк жөнелтушілер алдын ала берген тапсырыстарын қайтып алған көрінеді.