ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты атыраулық теміржолшылармен кездесті

Жаңалықтар
22.02.2022, 10:24
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов теміржолшылармен кездесті. Ол Қаңтар оқиғасы, соған орай берілген Президент тапсырмасын орындау міндеттері, депутаттық корпустың қазіргі жұмысы жөнінде баяндады.

Күнде келе бермейтін депутатқа теміржолшылар көкейде жүрген сұрақтарын да қойды. «Темір жол – қауіпті аймақ, жұмысы қиын сала. Мұнда дала төсінде, жел өтінде жүріп, күні-түні үздіксіз жұмыс атқарылады. Соған орай теміржолшылардың зейнет жасын төмендету тетіктері қарастырылса» деп сауал тастады теміржолшы Б.Өтеулин. Депутат кейбір мамандықтарға болмаса, оған әзірге үкімет тарапынан қарастырылып жатқан жеңілдік жоқ екенін жеткізді.

Атырау-Астрахань тас жолы жөнінде қойылған сауалға ол 2023 жылы бітетінін, Доссор-Құлсары жолын 4 жолақты қылу жоспары барын, ал Мұқыр-Құлсары тас жолының мәселесі шешілмей тұрғанын айтты. Атырау өңірін экологиялық апатты аймаққа жатқызуды заңдастыру бойынша сұраққа оның заңды механизмдерін зерделеуге қажетті ойын білдірді.

– Менің депутаттық сауалым Жайық өзені және Жем, Ойыл, Сағыз өзендерінің қазіргі жайы, экологиялық ахуалы жөнінде болды. Ол жөнінде экология министрлігімен де атқарылар жұмыстар шешімін күтіп тұр. Жуырда министрдің Атырау өңіріне келу жоспары бар, сол кезде халықпен кездесіп, тағы да бұл мәселені талқылаймыз, – деді депутат.
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады