Атырау – жастар станциясы
Жаңалықтар
31.01.2017, 12:17
Қазіргідей технологияның қарыштап дамыған заманында уақыт ағымына ілесіп, қатардағы жай маманнан ұжым басшысына дейінгі барлық сатылардан өткен кәсібінің білгірі атанған жастар баршылық. Солардың бір шоғырын Атырау станциясында жолықтырдық.
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы филиалдарының ішіндегі ең ірі станциялардың бірі Атырау – бірінші класты телімдік станция болып саналады.
Атырау станциясының бастығы Амантай Мақашев еңбек жолын 1999 жылы Мақат станциясында ең төменгі сатыдан, вагон жылдамдығын реттеуші болып бастаған. 2000 жылы пойыз құрастырушы, 2005 жылы дөңес кезекшісі, 2007 жылы пойыз диспетчері, 2010 жылы Мақат станциясында станция бастығының І орынбасары болып бес жыл еңбек етіп, қозғалыс саласында үлкен тәжірибе жинақтаған Амантай Жарылғапұлын басшылық 2015 жылдың қаңтар айында Атырау бөлімшесінің оперативтік реттеу бөлімі бастығы қызметіне ауыстырады. Ал 2016 жылдың тамыз айынан бастап станция бастығы қызметіне жоғарылайды.
Станция бастығының орынбасарлары да еңбек жолдарын төменнен бастап, сатылай өскен жас мамандар. Отызға енді ғана шығатын Бағытжан Абдрахманов станция бастығының І орынбасары, ол осы салада 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бас инженері Бекжан Жиенбетов темір жол саласында 2009 жылдан бері абыройлы еңбек етуде. Ал, Логистика бойынша орынбасары Бекәділ Сауыров бұл салада тер төгіп келе жатқанына 9 жыл толыпты. Жалпы, станциядағы теміржолшылардың 70 пайызын жастар құрайды екен. Атырау станциясына қарасты Теңдік станциясы мен 496 разъезді қоса есептегенде 147 теміржолшы бар.
Атырау станциясының соңғы онжылдықта қол жеткізген жетістіктері қомақты. 2009 жылы өндірістік-қаржылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін ІІІ дәрежелі, 2010 жылы І дәрежелі, 2011 жылы ІІ дәрежелі және 2014 жылы ІІ дәрежелі диплом мен «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанған станцияның бұл абыройы бүгінгі күні де жалғасып келеді.
Станция бастығының айтуынша, мекемеде жұмысшылар үшін де барлық жағдай жасалған: киініп-шешінетін орындар, жуынатын бөлмелер, тіпті станцияға қарай келетін барлық жүк және жолаушы пойыздардың бағыты да құрылғы арқылы компьютерге енгізілген. Айына 2 рет, аптаның төртінші және бесінші күндері техникалық сабақтар өтеді. Онда бекітілген жоспарға сай, темір жол еңбеккерлеріне еліміздегі темір жол бойынша орын алған ақаулы-апатты оқиғалардан хабар беріліп, таныстырылып, оны қайталанбас үшін оқытулар болады.
Қазіргі таңда станция бойынша вагондардың жөнелтілуі 4 бағытта жұмыс жасайды: Ақсарай түйіспесіне, Мақат бағытында (Орта Азия, Маңғышлақ түбегіне, Қандыағашқа), Ақжайық станциясына, республикаға маңызы бар Атырау мұнай өңдеу зауытына сұрыпталып жеткізіледі. Ал облыс аймағындағы Махамбет станциясына қарай жергілікті вагондар жөнелтіледі.
Одан бөлек, Атырау станциясымен жергілікті қатынаста күніне 8 пойыз дайындалып жөнелтілсе, транзиттік бағытта станциядан 5 жолаушылар пойызы өтеді. Станция жеке кәсіпкерлік субъектілерімен де жақсы қарым-қатынаста еңбек ете білуде. Станция бастығы Амантай Мақашевтың сөзінше, күні бүгін мұнда әр тараптан келетін жүктердің тұрақты тұтынушылары болып саналатын «Бертас» ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Қазстройсеривс» ЖШС, «Гурьевский» АҚ, «Атырау көлік» ЖШС секілді және тағы да басқа ірілі-ұсақты компаниялармен өзара тиімді істер атқарылуда. Жүк тиеп-түсіру операциялары бойынша қолайлы жеңілдіктер қарастырылған және жүктер ішкі және сыртқы экономикалық тұрғыдан сәйкес тасымалдау құқығына ие.
Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі