Ақтаудағы көлік колледжінің студенттері шет елдік логистикалық компанияларында тәжірибеден өтпек

Жаңалықтар
25.02.2022, 13:29
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақтау қаласындағы көлік колледжінің студенттері енді логистика саласында шетелдік мамандардың тәжірибесімен танысып, таным деңгейін арттыру мүмкіндігіне ие болады. Колледж басшылығы жуырда бірнеше елдің консулдықтарында болып, екіжақты келісімге келді.

  Әр елдің болашағы, құнды әрі теңдессіз капиталы – тәрбиелеп отырған ұрпағы десек, сол жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы оларға берілген мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады. Қазіргі жаһандану тенденциясы да жастардың функционалдық сауаттылығын талап етеді. Осы тенденцияға сай шәкірттер тәрбиелеп шығаруды мақсат тұтқан Ақтау көлік колледжі студенттерін көрші елдердегі тәжірибемен сусындатып, сол арқылы оқыту үдерісіне оң ықпал ететін жаңалықтар енгізуді жоспарлап отыр. Колледж директоры Ақмарал Тұрлыбекова түрік консулдығымен уағдаласу нәтижесінде біздің студенттер бұл мемлекеттің логистикалық ірі компанияларынан тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып, оқытушылар көлік және логистикалық бірлескен жобаларға қатысатын болды. Алдағы уақытта жоспар жасалып, түрлі жоба жүзеге асады деп келісілді.

Сондай-ақ, Ақтау көлік колледжі Түркия студенттерінің оқуына да жағдай жасалатыны айтылды. Иран мемлекеті консулымен кездесуде колледждің логистика мамандығында оқитын студенттерді ирандық компанияларда өндірістік-тәжірибеден өткізу жұмыстарын қарастыру, оқытушылардың Иранға іс-сапарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Екіжақты жоспар құрылып, қос ел арасында логистика бағыты бойынша түрлі жобаны жүзеге асыруға сөз байласты.

– Қазірде Қазақстанның әлемдік, оның ішінде көлік-логистикалық нарыққа әсері күн сайын артып келеді. Оны иелену – табысты бизнестің кілті. Сол нарықты жандандыратын – біз тәрбиелеп отырған студенттер. Сондықтан да бұл тұрғыдағы мақсатымыз – шет мемлекеттермен серіктестік құра отырып, бүгінгі заман талабына сай жетік маман даярлау. Статистикаға қарасақ, шетелдерде тұратын қазақтар әлі де көп. Консулдармен кездесуде қандастарымызды колледжімізге оқуға шақырдық, – дейді М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледжінің директоры Ақмарал Салабатқызы.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті