8 наурыз қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Питер Штурм бастаған ұжымның ерлер қауымы әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Питер Штурм сала тарихының ажырамас бөлігіне айналған нәзік жанды теміржолшылардың қажырлы еңбегін атап өтті: "олар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жазады және фильмдер түсіреді. Өз кәсібіне байланысты олар көбінесе жауапкершіліктің ауыртпалығын көтеруге және "алдыңғы лекте" бола отырып, өз кәсібиліктерін дәлелдеуде.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның ерлер қауымы әйелдерге гүл шоқтарын сыйлап, мықты денсаулық, әйел бақыты мен мансаптық жолда өсу мен өркендеу тіледі.