Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
СОБ құрылғылары жаңаруда
Оқуға 1 мин
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Жылға станциясында байланыс-белгі беру құрылғыларын жаңарту жүріп жатыр.
Станциядағы сигнал беру, орталықтандыру, блоктау және байланыс орталығы бір жағы Дарбаза бекетімен екі ортадағы 8, екінші Шеңгелді станциясымен ортадағы 10 белгі беру нүктесіне қызмет көрсетеді.
Бүгінде СОБ орталығында Равиль Абдуллин, Ораз Иманбердиев сынды 35 жылдық еңбек өтілдері бар электромеханиктер қызмет етуде. Олар аталған аралықтардағы 16 бағыттағыш бұрманың уақытылы жұмыс істеуін қадағалайды.
– Өткен жылы біздің қызмет ететін аймаққа 18 жаңа релелік шкаф пен заманауи бағдаршамдар қойылды. Басқа байланыс құрылғылары ағымдағы жөндеуден өтіп тұратындықтан сыр берген жоқ. Қазір жылдың басы болғандықтан, тек кестеге сай күнделікті жаңалау, монтаждау жұмыстары жүруде,– дейді электромеханик Ораз Иманбердиев.