Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Дағдыға айналдырмақ
Оқуға 1 мин
Шымкенттегі темір жол мекемелерінен оншақты команда құралып, әр сенбі футболдан ойын ұйымдастырмақ.
Өткен жылы темір жол мекемелерінің спорт сүйер қауымы «Манчестр» спорт кешенін жалға алып, әр сенбі сайын барлық мекемеден құралған командалар бір-бірімен жолдастық кездесу өткізіп тұрған. Тәуелсіздік күні қарсаңында төрт айдағы ойынның қорытындысы шығып, жеңгендерге сыйлық үлестірілген.
– Осы дағдыға үйренген теміржолшылар биылда бұл үрдісті жалғастырмақ. Ақпанның 15-нен бастап бір спорт кешенін жалға алуды жоспарлауда. Ойынға қатысатын барлық мекеменің кәсіподақ комитетінің төрағалары жиналып, кететін шығынды есептеп, қаржысын мекеменің өзі немесе демеушілер төлемек. Біз ұйымдастыруға көмектесеміз, – дейді бөлімшенің спорт нұсқаушысы Елена Маньшина.