Дизельді ауыстыру цехы ашылды
Жаңалықтар
03.02.2017, 10:20
«Қамқор менеджмент» ЖШС тағы бір жаңа жобаны жүзеге асыруды бастады. Ақтөбе локомотив жөндеу депосында Дизельді ауыстыру цехы ашылды. Салтанатты шара барысында мамандар локомотивтің «жүрегі» саналатын қондырғыны тепловозға орнатты.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, «Қамқор менеджмент» ЖШС дүниежүзін жайлаған экономикалық дағдарысқа қарамастан, өзінің жаңару мен жаңғыру үдерісін қалыпты жағдайда жалғастырып келеді. Заманауи талаптарға сай жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған цехтың ашылу салтанатында сөз алған «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Талғат Датбаев мұндай цехтың қажеттілігі жайлы айтты.
– Бұл цех қысқа уақытта салынып бітті.Сонымен бірге тепловозды күрделі жөндеу кезінде көптеген операцияны оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың сапасы мен жылдамдығы артады. Сондықтан, осы жобаның іске асуына атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамыз. Дизельді ауыстыру цехын игіліктеріңізге пайдаланыңыздар, – деді Талғат Датбаев.
Өз кезегінде, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Қанат Әлмаханов деполықтарға осындай мүмкіндік беріп отырған басшылыққа ризашылықтарын жеткізді.
– Қаржылық-экономикалық қиындықтарға қарамастан, осындай аумалы-төкпелі кезеңде локомотив шаруашылығы үшін қажетті цех ашуға мүмкіндік берген «Қамқор менеджмент» ЖШС басшылығына алғысымыз шексіз. Ақтөбе локомотив жөндеу депосының жұмысшылары үшін бұл тамаша мүмкіндік, ертеңгі күнге деген сенім. Өйткені, көп жерде жұмыс көлемі азайып, жұмысшылары қысқаруға ұшырап жатқан кезде, бізде керісінше өндіріс кеңейіп жатқаны қуанышты жайт, – деді Қанат Әлмаханов.
Жаңа нысанда дизель ауыстыру жұмыстарының басы-қасында жүрген аға слесарь Анатолий Глибичуктің айтуынша, цехтың ашылу салтанатында дизельді ауыстыруға 7 адам жұмылдырылды.
– Жаңа цех іске қосылған соң, айына 5 бірлік тепловоз жөндеуге болады. Мұнда локомотивті күрделі жөндеудің жиынтығы қарастырылған, – дейді аға слесарь.
Сервистік қызмет көрсету бағдарламасы артығымен орындалады деп күтілуде. Жұмыс жылдамдығы шамамен 50-70 пайызға артады.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі