Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Әлеуметтік мәселені сөз етті
Оқуға 1 мин
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залында жиылған теміржолшылардың бүгінгі кездесуі әлеуметтік тақырыпты қамтып, жер және баспана мәселесіне арналды.
Магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев ұйымдастырған кездесуде теміржолшылар тарапынан пәтер алу, жеке тұрғын үйге өтініш беріп кезекке тұру секілді жалпы баспаналы болудың жөн-жосығы кеңінен талқыланды. Жиынға жер және баспана мәселесіне жауапты құзырлы органдардың мамандары қалалық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Қарабаев, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің маманы Мархаббат Сынасапова, ЖКХ тұрғын үй инспекциясының бас маманы Гүлмира Пазылова қатысып, кездесу барысында жерге иелік ету, баспаналы болу үшін тұрғын үй кезегіне тұру тағы басқа сауалдар бойынша мәліметтер ұсынып, еңбеккерлердің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру жайын сөз етіп, осыған байланысты бағдарламалардың ережелерін түсіндірді.
Жиын барысында өкілетті мамандар тұрғын үй бағдарламасы жайлы үлестірмелік материалдар таратып, туындаған түрлі сауалдарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын өткізді.