Ақмола көлік колледжі тағы 3 мамандық бойынша кадрлар дайындамақ

Жаңалықтар
29.03.2022, 11:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

М.Тынышпаев атындағы Ақмола көлік колледжі – Қазақстан теміржолына маңызды 10 сала бойынша мамандар дайындайтын бірегей оқу орны. Логистика және көлік академиясының заманауи талаптарға сай, көліктік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие оқу орны саналатын білім ордасында биылғы жылы теміржол көлігі үшін жаңадан тағы 3 мамандық ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар 5 мамандандырылған қысқа мерзімді курс оқыту көзделуде. Колледж теміржолға есеп және аудит, бағдарламалық қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, автоматика, телемеханика теміржол көлі- гіндегі қозғалысты басқару, темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану, көпірлер мен көлік тоннельдері, темір жол құрылысы жол және жол шаруашылығы, теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару салалары бойынша мамандар дайындайды. Ал жаңа оқу жылынан бастап ашылатын мамандықтар қатарында – көліктегі логистика, автомобильдер және автомобиль шаруашылығы, вагондар және вагон шаруашылығы салалары бар.

Жаңа мамандықтардың ашылуына байланысты жаңа зертханаларды құру және оларды инновациялық жабдықтармен жабдықтау қажет. Студенттер құрылғыларды теориялық тұрғыдан зерттейді, бірақ практикалық тәжірибесі жоқ, сондықтан жұмысқа қабылдау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған орай колледж зертханаларында станция кезекшісі, дөңес кезекшісі мен пойыз диспетчерінің пульт-таблосын орнату – бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. Сондай-ақ, вагондар мен вагон шаруашылығының зертханаларын жабдықтау қажеттігі де күн тәртібінде.

«Оқу орнындағы болашақ теміржолшылардың өндірістік тәжірибеден өтуіне Қазақстан темір жолы да өз үлесін қосып отыр. "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшелері колледждің әлеуметтік серіктестері болып табылады. Жыл сайын әлеу- меттік патронаж негізінде шамамен 600 студент практикадан өтеді. Әлеуметтік ынтымақтастықтың 100-ден астам шарты жасалған. Әлеуметтік серіктестік нәтижесінде түлектердің 87% жұмысқа орналасқаны да үлкен жетістік. Сонымен қатар колледж Мәскеу темір жол колледжімен тікелей байланысты жұмыс істейді. Болашақта колледж базасында қолданбалы бакалавриат құру, материалдық-техникалық базаны жарақтандыру және дамыту, Қазақстанның көлік кешенінің қажеттілігі үшін сауатты және сұранысқа ие кадрлар шығару жоспарда қарастырылған», – дейді Логистика және көлік академия- сының қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Амангелі Молғаждаров.

М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясының базасында 2007 жылы қайта құрылған оқу орнына биыл 25 мамырда 15 жыл толады. Осы жылдар ішінде теміржол көлігі үшін 4000-нан астам орта буын маман дайындап, теория мен практиканы ұштастырған колледжде дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Жоғары кәсіби оқытушылар құрамы, оқу және материалдық техникалық базасы жоғары. Оқу орнында 5 қабатты екі корпус бар. Бас корпуста оқу аудиториялары мен ағаш өңдеу және слесарьлық шеберханалар, зертханалар орналасқан. СтуВ АО «НК «ҚТЖ», по данным на 27 марта, ревакцинировались около 6 700 железнодорожников. денттерге арналған демалыс бөлмесі, 200 орындық жатақхана, кітапхана, оқу залы және асхана, оқу зертханалары жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек акт және спорт залдары, фрезерлік дәнекерлеу шеберханалары бар. Оқу кабинеттері мен зертханалар қажетті жабдықтармен және стендтермен, көрнекі құралдармен, компьютермен қамтамасыз етілген. Кітапхана қоры – 76,5 мың дана кітап, 40 орындық оқу залы студенттердің игілігінде, шағын футбол алаңы да бар.

– Колледж студенттерін қамқорлығына алып, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін "ҚТЖ" ҰК" АҚ пойыздарды қалыптастыру жоспарлары мен қозғалыс кестелерін әзірлеу қызметіне, тасымалдау үдерісін үйлестірудің функционалдық бағытының бас менеджері О.Суздареваға, қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Ж.Жұматаевқа, цифрлық технологиялар директоры И.Савушкинаға, Нормативтік-технологиялық құжаттаманы өзекті етудің функционалды бағытының бас менеджері Д.Айдынбаевқа алғыс айтқымыз келеді.

Студенттерге практикалық сабақтарды "ҚТЖ" ҰК" АҚ өндірістік бөлімшелерінде колледж оқытушылары мен жоғары білікті мамандар жүргізеді. Атап айтқанда, Компанияның көлік технологиясы орталығы филиалы, "Вагон-Сервис" АҚ филиалы, Астана байланыс және белгі беру дистанциясы, "Қамқор-Локомотив" Астана локомотив-жөндеу депосы" ЖШС, Астана локомотив пайдалану депосы, Нұр-Сұлтан станциясы, Астана электрмен жабдықтау дистанциясы, т.б. Студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастырғаны үшін Ақмола колледжінің басшылығы "ҚТЖ" ҰК" АҚ Астана локомотив пайдалану депосының бастығы Д.Ахмадиевке, Ақмола ЖТ бөлімшесі Нұр-Сұлтан станциясының бастығы Д.Жұмамолдаға алғыс білдіреді. Сонымен қатар Қырқыншы станциясының бастығы А.Черняйға, Қырқыншы станциясы бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Д. Батбановаға, Алматы-2 станциясының бас инженері Б. Шормаковқа, Нұр-Сұлтан станциясының бас инженері Р.Дәрібаевқа, "Вагонсервис" АҚ ЛВЧДР-9 (Астана) директоры Т. Саурбаевқа және жоғарыда аталған кәсіпорындардың басқа да басшылары мен мамандарына алғыс айтамыз, – дейді біршама уақыт білім ошағын басқарып, бірталай жаңалықтарды енгізуге ықпал еткен ғалым Амангелді Сәбденұлы.

Жыл сайын колледждің үздік студенттері логистика және көлік академиясының оқу зертханалық базасына барады. Президент-ректормен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездеседі, жоғары білім беру ерекшеліктерін зерттеу үшін мамандықты таңдайды, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізудің негіздерін зерттейді.

Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті