Орта Азия көлік дәлізін дамытатын 10 жоба айқындалды

Жаңалықтар
01.04.2022, 10:26
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен өткен Бірінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысып, сөз сөйледі.

Министр өз сөзінде жаһандық экономиканы түбегейлі трансформациялау кезеңінде Орталық Азия елдері экономикаларының даму қарқынын сақтау үшін өңірішілік өзара іс-қимылды нығайту қажет екенін атап өтті. Бірқатар бағыттар бойынша экономикалық кооперация республикалардың инвестициялық тартымдылығын сақтаудың тиімді тәсілі бола алады. Бұл ретте министр жоғары жылдамдықты «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жолаушылар теміржол магистралі жобасын мысалға келтіріп, Орталық Азиядағы көлік дәліздерін дамытуға және жаңғыртуға назар аудару қажеттігін айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда барынша қолайлы институционалдық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, инвесторларды қолдаудың жаңа құралы ретінде стратегиялық инвестициялық келісім енгізілді.

«Ташкенттегі форум аясында бизнес өкілдерімен 50-ден астам екіжақты кездесулер өткіздік. Оның ішінде «Azia Metall Prof», «Dentafill Kazakhstan», «Orient Ceramic» компаниялары бар. Нәтижесінде қосымша пысықтау және іске асыру үшін 10-нан астам жаңа перспективалық жоба айқындалды», – деді министр.
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды