Рефрижераторлық контейнерлерге сұраныс артуда
Жаңалықтар
03.02.2017, 11:13
Қазақстан темір жолы жеміс-жидек тасымалдауға арналған рефрижераторлық контейнерлерді ұсыну арқылы транзиттік көлік әлеуетін дамытуға ұмтылыс жасауда.
Бүгінде рефрижераторлық контейнерлерге еліміздің аумағы арқылы тауар тасымалдайтын көршілес елдер тасымалдаушыларының сұранысы байқалып отыр. Таяуда «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» АҚ сынақ ретіндегі рефрижераторлық контейнерімен Қазақстан аумағы арқылы Ресей нарығына өзбекстандық диқандардың жеміс-жидек өнімдерін жеткізді. Өзбекстанның Самарқан қаласынан шыққан жүк Қазақстанның Алматы, Семей аумағы арқылы шекаралық Локоть станциясынан Ресей аумағына жөнелтілді. Тез бұзылатын жеміс-жидектер тиелген арнайы ерекше температура ұстайтын рефрижераторлық контейнер аталған бағдарды бес тәулікте жүріп өтті. Оның Қазақстан аумағындағы тәуліктік жылдамдығы 1000 шақырым болса, Ресей аумағында тәулігіне 300 шақырым ғана болды. Тез бұзылатын өнімдер соңғы нүкте Новосібірдің Клещиха станциясына қалыпты сақталған күйінде жеткізілді.
«KTZ Express» АҚ Контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры А. Кәрімов: «Өзбекстанның жеміс-жидектерін Қазақстан аумағы арқылы Ресей бағытына жөнелту жұмыстары 2016 жылғы желтоқсанда басталған болатын. 45 футтық дербес рефрижераторлық контейнерді қолданудағы мақсат- логистикалық бағдардың қанатқақты жоба ретіндегі мүмкіндігін анықтау болатын»,-дейді.
«KTZ Express» АҚ мәліметтеріне сәйкес, аталған қоғамның -25°С до +25°С диапазондағы климаттық режим сақтай алатын арнайы жеке контейнерлер паркі бар. Олардың саны – 430 дана. Жаңа контейнерлер арқылы ерекше температурада сақталуды қажет ететін жүктерді әлемнің барлық жеріне кез-келген маусымда жеткізу қызметі көрсетіледі.
Ел темір жолындағы бірінші осындай контейнер «RTSB GmbH», «Белинтертранс–Германия» және «Euro-BRICS» компанияларымен бірге Херне(Германия)- Ланчжоу (ҚХР) бағдары арқылы іске қосылған болатын. Бұл алғашқы рефрижераторлық контейнерлік пойыз тез бұзылатын азық-түлік тиелген қырық бес футтық рефконтейнерден тұрды. Тасымалға тапсырыс беруші – Франциядағы шараптың элиталық сұрыптарын өндірушілер болатын. Бұл құрам Херне қаласынан 2016 жылы 27 желтоқсанда шығып, Қазақстанның Орал қаласындағы Илецк станциясына биыл 5 қаңтарда жеткізілген.
Бір айта кетерлігі, аталған бағытта теңізбен жүк жөнелтуге 45 күн кетеді, ал айрықша логистикалық шешімдер арқасында жүктердің жеткізілу уақыты қысқарып ғана қоймай, сонымен бірге тез бұзылатын және құны жоғары жүктерді тасымалдау жүзеге асырылады.
Жаңа логистикалық қызмет температуралық режимді сақтауды талап ететін жүктерді тасымалдау көлемін арттыра түсуге тың серпін береді. Бұл өз кезегінде экономиканың өркендеуіне, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға, сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы Еуропа-Қытай бағытында транзиттік тасымалдың көлемін көбейтуге септік етпек.
Ұлан ОРАЗ
Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Орталық дәліздің экономикалық пәрмені
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті