Транзиттік әлеуетті дамытуды талқылады

Жаңалықтар
07.02.2017, 12:09
Азия мен Еуропа арасын трансқұрлықтық дәліз арқылы жалғау мәселесі талқыланған Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында  «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамындағы «KTZ Express» компаниясының өкілдері мультимодальдық көлік жолдары еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға тың серпін сыйлайтынына сендірді. Жаңа байланыс жолдары Қазақстан Республикасы үшін бәсекелестік нарығында теңдессіз мүмкіндіктер әкелмек. «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Қайрат Тапалов көлік және логистика саласындағы жобалар жайлы таныстырылым рәсімін жасау барысында, Астана қаласында іске қосылған алғашқы «А» сыныпты терминалдың көліктік-логистикалық орталықтардың табысты үлгісіне айналғанын жеткізді. Ал ағымдағы жылы мұндай нысан Шымкент қаласында қолданысқа тапсырылып, жақын аралықта Ақтөбеде де бой көтермек. Осы орайда, Қайрат Тапалов, ықтимал инвесторлар тарапына, «KTZ Express» Ақтөбедегі орталық бойынша жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Ал «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бас директорының орынбасары Белмаши Хишам, өз сөзінде, «Қорғас – Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағы жайлы әңгімелеп, ірі өңірлік хабтың Қытай мен Еуразиялық одағы, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдері тауар ағымының қиылысында орналасқанын еске салды. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңында көрсетілгендей, ҰКП қызметтерінің бірі инвестиция тартқан райда, өткізу нүктелері инфрақұрылымы құрылысы мен пайдаланымын қамтамасыз етуге қатысу болып саналады. «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Дина Мамашева, Мемлекет басшысының 65-қадамын жүзеге асыру аясында, көліктік-логистикалық орталықтар желісін қалыптастыру айрықша маңызды екенін атап өтті. Биылғы Жолдауда да отандық транзиттік-экспорттық әлеует көкжиегін кеңейтуге айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Еске сала кетсек,  «KTZ Express» АҚ мен «Атамекен» ҰКП қол қойылған меморандум шеңберінде ішкі терминалдық желілер құрылысына қатысты бірлескен жұмыстар жүргізуде.  

Кемел МАРАТ

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі