Қазақ астығы экспорт асты 

Жаңалықтар
07.02.2017, 12:21
Қазақстанның астықты өңірі Ақмоланың астығы шетел асты.  Ақмола жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Жалтыр станциясынан қаңтар айының соңынан тұңғыш рет 32 контейнерге тиелген 700 тонна отандық астық  5 ақпан күні Қытайдың Ляньюньган портына келіп жетіп, әрі қарай  Вьетнамның Хошимин портына жөнелтілді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі. Астықтың «қанатқақты» жөнелтілімі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы – мультимодальды компания «KTZ Express» акционерлік қоғамымен және  Ляньюньган қаласындағы «Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп, жүзеге асырылып отырғаны аян. Қазақстандық астықтың жөнелтіліміне қатысты Ляньюньган портында салтанатты шара өтіп, оған «Ляньюньган» порты МК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дин Жуй мырза қатысып, өз сөзінде  қытай тарапының Қазақстан аумағы арқылы көлік дәлізін дамытуға, қазақстандық өнімдерді Қытай аумағы арқылы Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріне шығаруға қолдау көрсететіндігін атап өткен. Осы дәліз арқылы Қазақстанға Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің түрлі өнімдерін жеткізу де жоспарланып отыр. Еске сала кетсек, Қазақстан Еуразияның сауда айналымында өз орнын алу үшін трансқұрылықтық дәліздерді дамытудың айқын бағыттарын таңдап алған болатын. Соның бірі – Шығыс-Батыс дәлізі.  Осы дәлізді дамыту мақсатында 2014 жылы Қытайдың Ляньюньган портында қазақстандық-қытайлық логистикалық  терминал ашылған болатын, мұндай ынтымақтастық Қазақстанға Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен қатар Қытайдың шығыстағы нарықтарына логистикалық жағынан шығуға мүмкіншілік бермек. Қазақстандық өнімді Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асыру  – Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуды көздейді. Ал Ляньюньган теңіз порты Қытайдағы темір жол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірінен саналады. Сөз реті келгенде атап өтерлігі, Елбасы биылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі. Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет» екенін атап өтіп, осы бағытта Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктейді. Мемлекет басшысының бұған дейін де көліктік-логистикалық дәліздер мен инфрақұрылымдарды дамыту бағытындағы тапсырмалары ҚТЖ тарапынан жүйелі түрде жүзеге асырылып, табысты нәтижелерін беріп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Оның жарқын бір көрінісі  Қытайдың Ляньюньган портынан Вьетнамға жөнелтілген отандық астық керуені дер едік.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі