Ұлан ОРАЗ
Алғашқы айдың ақпары
Оқуға 1 мин
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бойынша биылғы алғашқы айдың көрсеткіші жаман емес.
Мәселен, қаңтар айында 654,9 мың тонна астық тиелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 84 пайызды құрайды. Соның ішінде Қазақстанға 257,8 мың тонна, экспорт үшін 397,1 мың тонна астық тиелген. Ал тиелген ұн көлемі барлығы 192,7 мың тоннаны құраса, соның Қазақстан үшін тиелгені – 55,9 мың тонна болған. Ал экспортқа 136,8 мың тонна ұн тиелген.
Биыл қаңтар айы ішінде 19,9 миллион тонна жүк тиелді. Мұның ішінде көмір, мұнай, түрлі-түсті кен, құрылыс материалдары, минералды тыңайтқыштар және астық жөнінен жүк тиеу жоспарға сай жүргізілуде.
Жылыту маусымында Қазақстандағы облыстық әкімдіктердегі тұтынушылар мекен-жайларына тиелген көмір көлемінің жоспары 95 пайызға орындалған. Толық орындалмауына жылжымалы құрамның келмеуі, бас тарту хаттарының болуы себеп. Көмір қорын мониторингілеу мақсатында Қазақстандағы ТЭЦ және ГРЭС қоймайларына тәулік бойына бақылау қойылған.