Жылғада логистика дамиды

Жаңалықтар
07.02.2017, 12:54
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің Жылға станциясы көрші Өзбекстанмен шекаралас аумақта. Бүгінде тек пойыздарды қабылдап-жөнелтетін төртінші класты бекет. Әзірге бір ғана «Алекс» кәсіпорыны болмаса,  өзге жүк тасымалы жоқ. Бірақ болашағы жарқын деседі. Өйткені мұнда атшаптырым аумақты алып жатқан қоймалар салынуда. Демек, болашақта логистика дамитын нүктенің бірі Жылға болмақ. Айдар Тәшімбетовтың айтуынша, келешекте Өзбекстаннан осы жерге азық-түлік тауары әкелініп, салынып жатқан логистикалық орталықтың қоймасында сақталады. Сосын сұранысқа орай, Ресейге жөнелтілмек. Әзірге аумағы он гектарға жететін орталықтың бір ғана қоймасы салыныпты. Алдағы уақытта тоңазытқышы, басқасы бар, тағы бірнеше қойма салынатын көрінеді. Ал орталықты салушы жеке кәсіпкер қоймаға баратын кірме жолдың да құрылысын аяқтап қойыпты.  – Бес жолымыз бар. Жыл соңында тастанды пойыздар көбейетіні болмаса, пойыз ағыны көп емес. Бірақ, соңғы уақытта тастанды пойыздардың өзі бір тәуліктен артық тұрмайды. Жүкті ертерек иесіне тапсыру үшін олар да ширақ қимылға көшкен. Ал, жолаушылар пойызынан Шымкент – Сарыағаш бағытындағы қала маңына қатынайтын пойыз ғана тоқтайды. Шипалы су шығаратын «Алекс» зауыты айына төрт вагон жүк артады,– дейді станция бастығы.  Төрт станция кезекшісі, бір пойыз құрастырушыны қосқанда барлығы жеті теміржолшы Жылғаның жұмысын жолға қойып отыр. Ал, қозғалысшылардан басқа жолшылар мен байланысшылар, тартымдық қосалқы станциясының энергетиктерін қосқанда 18 маман осында шоғырланған.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі