«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы ауыз сумен қаншалықты қамтамасыз етті?

Жаңалықтар
22.04.2022, 11:09
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол бойындағы барлық станциялар мен бекеттерді сапалы сумен қамтамасыз етуді көздеген «Мөлдір бұлақ» бағдарламасының бірінші кезеңі 2012-2016 жылдары жүзеге асырылды. Бағдарламаның бұл кезеңінде жоспарланған инвестициялық жобалар жүз пайыз орындалды. Ендігі бағыт қандай? Бағдарламада болашақ бар ма?

Бүгінде ұлттық компания басқармасының шешімімен бағдарламаның 2018-2022 жылдарға арналған екінші кезеңі жалғасын тапқан. Демек, бұл бағыттағы оң нәтижелер ескеріле отырып, қажеттілігіне маңыз берілген. Бірінші кезеңде бағдарлама үш негізгі бағытта жүзеге асырылды: біріншісі, теміржол станциялары мен бекеттерге ауыз судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, екіншісі, әртүрлі табиғи көздерден суды тазарту және залалсыздандыру бойынша «Таза су» заманауи қондырғыларын пайдалана отырып, ауыз сумен жабдықтау сапасын жақсарту, үшіншісі, санитарлық нормаларға сәйкес сумен жабдықтау объектілерінің аймақтарын жайластыру, объектілерде күзет белгілері мен бейнебақылау орнату.

Бағдарлама жүзеге асырыла басталғалы бері «Теміржол- су» АҚ 516 теміржол станциясы мен бекеттердегі 822 сумен жабдықтау және кәріз нысандарына күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 548,3 км су құбыры желісі, 26,48 км кәріз желісі, 56 су тегеурінді мұнара, 77 су айдау сорғысы, 20 дана кәріздік сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңартылды. 72 «Таза су» қондырғысы орнатылды, 60 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, тазартылды. Сондай-ақ 23 станцияда теміржолшылардың 410 тұрғын үйіне есептеу құралдарын орната отырып, сумен жабдықтау құбырлары тартылды. Ал 12 шағын разъезде тұрғын үй-жайлар заманауи себезгі бөлмелерімен, санитарлық тораптармен және су жылытқыш құрылғылармен жабдықталды. Көріп отырғанымыздай, аз жұмыс емес.

Ал былтырғы жұмыстарға келсек, 2021 жылы «Мөл- дір бұлақ» бағдарламасы бойынша 195 629 мың теңге қарастырылып, ол толығымен игерілді. Ұңғыма және су өткізгіш сорғы станцияларында 34 күш-сорғылы жабдықты ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 8 арнайы техникаға және Жезқазған, Жарма, Қостанай, Қоржынкөл стан- циялары мен 1 км, 731-714 км бекеттеріндегі ұзындығы 7,987 км су құбыр желісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Биылғы 2022 жылға 188 672 мың теңге бөлу жоспар- ланған, бұл қаржыға 3 арнайы техника, соның ішінде құбырларды траншеясыз ұңғылауға бағытталған құрылғы сатып алу жоспарланған, бұл жол төсемдерін бүлдірмеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұзындығы 2,46 км су құбыры желілеріне, 2 су айдауыш мұнараға күрделі жөндеу жүргізу, дюкер салуға жобалық-сметалық құжаттар жасау, су айдағыш мұнара мен су өткізгіш сорғы станцияларын жөндеу көзделуде.

Жалпы бағдарлама биылдан кейін жалғасын таба ма, әлде осымен тоқтай ма, белгісіз. Ал таза су теміржолшыларға, әсіресе шалғай станция тұрғындарына ауадай қажет. Сондықтан жол бойындағы халық сапалы сумен толық қамтамасыз етілмей бағдарлама жалғасын тапса, құба-құп.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн