«Магистраль» форумында әкімшіліктен бизнес-серіктестікке көшу жайы талқыланды

Жаңалықтар
26.04.2022, 11:37
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында «Магистраль» сарапшылар форумында ҚТЖ-дағы адами ресурстарды басқару жүйесінің әкімшіліктен бизнес-серіктестікке көшу жайы сөз болды, деп хабарлайды Rail-news.kz

Еліміздегі ең ірі жұмыс беруші ҚТЖ-ның тәжірибесі мыңдаған адам еңбек ететін ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан көпшіліктің қызығушылығын тудырады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлееваның айтуынша, бүгінгі таңда компанияда 113 мың адам еңбек етеді, олар қажеттіліктері, қызығушылықтары бойынша жас шамасына қарай ішкі топтарға бөлінген. Осы қызметкерлердің әрбірінің қажеттіліктеріне қарай компанияда ынталандыру жүйесі жасалуда. Оған жастар, тұрғын үй саясаты және білім беру бағдарламалары мен марапаттар, сонымен қатар әлеуметтік пакеттер мен сыйақы жүйесі жатады. Кадр саясатының басты мәні де сонда жатыр, дәл сол тұрғыда аталған департамент компанияның даму стратегиясына үлес қосады.

Ал компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің аға HR бизнес-серіктесі Әсел Ақтаудың айтуынша, компанияда 2021 жылы жұмысшылардың айлығы екі рет көтерілген. Биыл өндірістік персоналдың айлығы төмен жалақы алатындарға басымдық беріле отырып өскен. Оған қоса компанияда өндірістік қызметкерлерді сыйақыландыру жүйесі енгізілді, бұл жүйемен 2025 жылға қарай барлық қызметкерлерді қамту көзделіп отыр.

– HR-қызмет бәсекелестік негізде персонал іріктеуден бастап, оларды салалық оқу орталықтарында оқытып, біліктілігін арттыруға дейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына да араласады, – деді «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалының адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Руслан Барбасов.

Эфир соңында қатысушылар әкімшіліктік HR-дан бизнес-серіктестіктің стратегиялық рөліне және «құжаттармен жұмыстан» «адамдармен жұмысқа» көшудің маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды