Шар станциясының мәртебесі өсті
Жаңалықтар
07.02.2017, 15:14
Семей жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шар станциясының статусы өсіп, 2-ші класқа жоғарылатылды. Оған себеп, мұндағы атқарылатын жұмыстардың ауқымдылығы болып отыр.
Сәйкесінше, Шар – Семей, Шар – Ақтоғай және Шар – Защита бойынша үш бағытта жұмыс істейтін жергілікті теміржолшылар үшін қызмет қарқыны да еселей түскен.Станция қызметкерлері өткен жылды табысты қорытындылады. Берілген жоспарлы шаралардың барлығы да жоғары көрсеткішпен орындалды. Маневрлік жұмыстар барысында, еңбекті қорғауда ақаулықтарға жол берілген жоқ.
–Қазіргі күні станция бойынша бірінші кезекте жүк түсіру жұмыстарына басымдық беріледі. Бұл орайда жылдың басы болса да станция бойынша тасымал қарқыны мүлде саябырлаған жоқ. Қазіргі күні жоғары көлемде қарастырғанда тәулігіне 15 жұп жүк пойызы өтеді, – дейді Шар станциясының бастығы, әйгілі Мұсабаевтар династиясының өкілі Мұхаметқали Кәукенұлы.
Өңірдегі іргелі мекемелер «Бүркіт» ЖШС мен «Бақыршық» тау-кен кәсіпорны тұрақты клиенттер арасында басты клиент саналады. Мәселен, қаладағы осындай бір ғана кәсіпорынға күніне 40-қа жуық цистерналар жөнелтілетінін ескерсек, жұмыстың ауқымдылығын аңғаруға болады. Қазіргі күні шарлықтар логистикаға басымдық беріп, «ҚТЖ Expressпен» бірлесіп жұмыс істеуге көшкен. Бұл ретте жүк тасымалы бойынша арнайы жоспарлы шаралар қабылданған болатын. Соның аясында алдағы уақыттарда клиенттер санының артуына байланысты жүк түсіру жұмыстары арта түседі деп межеленуде.
Станция басындағы жиналған вагондар орнында ағытылып, тіркеп, жөнелтіледі. Бұл орайда станцияның 5 пойыз құрастырушысы үлгеріп, өнімді еңбек етуде. Жалпы станцияда 51 адам еңбек етеді. Шардың ауа-райы қатаң. Қарлы боран мен аязды күндері станция қызметкерлері тәулік бойы шұғыл жұмыс жасауға көшіріледі. Себебі, пойыз қозғалысын кідіртуге болмайды. Бүгінде станциялықтар жолшылармен бірге қармен күрес жұмысына жұмылған.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Шар
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі