Астаналықтар Еңбекшілерді қорғау күніне орай тапқырлық сыйысын өткізді

Жаңалықтар
29.04.2022, 10:35
©Rail-news.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана локомотив пайдалану депосы Дүниежүзілік еңбек қорғау күнін арнайы бағдарлама ұйымдастыра отырып өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік инспектор Рустам Жандосов қатысты. 

Атаулы күнді теміржолшылар қауымы назардан тыс қалдырмайды. Р.Жандосовтың айтуынша, жыл басынан бері елордада қайғылы жағдайлар салдарынан 22 жұмысшы зардап шекті, олардың жетеуі көз жұмды, 15 адам ауыр жарақат алды. Тағы бір айта кетерлігі, қайғылы жағдайлардың көбі қаланың құрылыс нысанда рында болады. Сондай-ақ ол мекемелердегі өндірістік кеңестер жұмысына тоқталды. 

Депо қызметкерлері алдымен өндірісте жазатайым оқиға кезінде қайтыс болған қызметкерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Бағдарлама шеңберінде викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге бағалы сыйлықтар берілді. 

– Өздеріңіз білесіздер, бізде техникалық инспекторлардан басқа әр колоннада нұсқаушылар бар. Біз солардың ішінен ерекше көзге түскен колонна қызметкерлерін марапаттайық деп шештік, – деді жиында сөз алған өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Сергей Литомский. 

Осылайша, атаулы күнге орай өндірістік кеңес жұмысына белсенді қатысқаны үшін техникалық инспектор Сырым Бековке, қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін 6-колонна машинист нұсқаушысы Бейбіт Нұржігітұлына, аға шебер Айдос Бишеновке Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар жұмысшылар арасында өткізілген сурет байқауына қатысқан қызметкерлер де сый-сияпатсыз қалмады.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн