Астана жолшылары жаз маусымындағы қауырт жұмысқа кірісті

Жаңалықтар
06.05.2022, 13:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолдың қара күші атанған жолшылар – қозғалыс қауіпсіздігіне ең жауапты тұлға. Жыл он екі ай ашық аспан астында еңбек ететін олардың әр күні теміржолдың бабын жасаумен өтеді. Біз бүгін Астана жол дистанциясының аға жол монтері Жангелді Құрманалиннің жұмысымен таныстық.

  Күнделікті әдетімен жұмысына жарты сағат ерте келген Жангелді жұмыс киімін киіп, «табельныйға» бет алды. Әріптестері де жиналып қалған екен. Сағат тоғызда телім бастығы бүгінгі күннің жұмыс жоспарымен таныстырып, жарты сағат нұсқаулық өткізді. Жұмыстың бар қыр-сырына қанығып, белгі берушілер қайда тұрады, қоршау қайда қойылады, бәрін пысықтап алған жол- шылар тапсырманы түсініп, танысқанын растап, журналға қол қойған соң құрал-саймандарын асынып, жұмысқа бет алды. Жангелді жұмыс істейтін №16 ауданда жол бригадирімен қосқанда 6 жұмысшы бүгінгі тапсырма бойынша №23 бағыттама бұрмасының жер төсемдерін, шіріген шпалдарын жаңартумен айналыспақ. 

– Міне, көріп тұрғаныңыздай, қар мен жауын-шашыннан бойына су жиналып, шіріген шпалдарды жаңасына ауыстырып жатырмыз. Бұдан басқа күнделікті ағымдағы жол күтімі мен көктем басталғалы қыстан шыққан жолдың бабын жасаудамыз. Күн ысығанда рельс ұзарады, қыста қысқарады. Сол кезде оларды техникалық нормаға сай келтіріп сәйкестендіреміз, ақаутапқыштар анықтаған ақаулар бойынша жұмыс жүргіземіз. Күтімі келіскен жолда қозғалыс та қауіпсіз екенін әрбір жолшы жақсы түсінеді, – дейді Жангелді. 

Тоғыздан аса жұмысқа кіріскен жол- шылар кешкі алтыға дейін бір тынбады. Арасында 20 минут, жарты сағат – екі рет үзіліс алып, дамылдап алады екен. Ондай кезде құралдардың бәрін жолдың бойынан алып, пойыз өтуге кедергі жасамайды. 13.00-14.00 аралығында түскі үзіліске шыққан жолшылар арнайы жылыту күркесіне келіп, үйден әкелген тамақтарын ішіп, біршама демалған соң жұмыстарын әрі жалғастырды. Сағат алтыдан кейін құрал-саймандарын жинап, кеңсеге оралған жолшылар душ қабылдап, жұмыс киімдерін ауыстырып, үйлеріне жиналды. 

Иә, былай қарағанда түк те қиындығы жоқ жұмыс сияқты. Бірақ сіз ғимарат ішінде, жайлы орын, жылы жерде отырғанда, олар қақаған қыс пен долы боранда, күннің аптап ыстығында аңызақ ашық далада жүріп, пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол күтімін жасайды.  

– Жолшы болуға асқан білім керек емес шығар, бәлкім, бірақ мықты денсаулық пен шыдам қажет, түсті ажырата алмай- тын дальтониктер, құлағы ауыр еститіндер, қан қысымы көтеріліп немесе түсіп кететіндер мен жүрек-қан тамырларына шалдыққандар мұндай ауыр еңбекке жарамайды. Сондықтан жолшылар жыл сайын компания тарапынан тегін медициналық тексеруден өтеді, теміржол стратегиялық нысан болғандықтан олардың психикалық денсаулығы да ерекше қаралады, – дейді Жангелді. 

Жолшылар жұмысының ауыр кезеңі – қар қалың жауып, бұрқасын болып, бо- ран соғатын күндер, әрине. Ондай кезде күні-түні жұмыс істеп, жаппай кезекшілікке шығатын жолшылар пойыздар қозғалысына қауіп төнбес үшін жол бойын, бағыттағыш бұрмаларды қардан тазартып, уақытпен санаспай жұмыс істейді. Мұндай төтенше жағдайларда түнгі кезекшілікке шыққандарға айлығына үстемақы төленеді. Бірақ, суыққа ұрыну, үсіп қалу сынды тәуекелдер де жоғары. Демалыста жұмысқа шыққан адам он күн ішінде бір күн жұмыстан босатылады. Бұл ретте оның жұмыс сағаттары есептеледі. 

– Жұмыста еңбек жағдайы толық жасалған. Көріп тұрғаныңыздай, «табельныйда» тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, жұмсақ диван, стол орындығымен, ыдыс-аяқ – бәрі тұр. Әрбір теміржолшы екі жылда бір рет шипажайда демала алады. Мұнда тиіп-қашып жұмыс істеп, әйтеуір күн өткізетіндерге орын жоқ. Себебі қазір ЕҚК – яғни еңбекке қатысу коэффициенті енгізілген, әрбір адам айлық жалақысы азайып қалмау үшін жұмыс істейді, – дейді аға жол монтері. 

Жангелді Құрманалин Ақмола облысы Жақсы станциясында дүниеге келген екен, теміржолдағы еңбек өтілі 15 жылдан асыпты.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн