Шайза әженің әңгімесі
Жаңалықтар
03.06.2016, 17:55
Тоқсаннан асқан Шайза әже саналы ғұмырын темір жолдың мектебінде ұстаздық етіп, теміржолшылар балаларына тәрбиелеуге арнапты. Отағасы әскерилендірілген темір жол күзетінде еңбек еткен.
Барлық замандастары секілді балалық шағы ашаршылықпен тұспа-тұс келіпті. Атбасар маңындағы Вишневка елді мекенінде туып-өскен ол жастайынан колхоз жұмысына араласып, масағын теріп, бидайын буысады. Одан кейін буыны бекіп, белі қатпаған кезде сұрапыл соғыс басталады.
Соғысқа кеткен ер-азаматтың орнын басып, тылда таңды таңға жалғап, еңбек етіп, беті мен қолы тілім-тілім болған жылдарды әңгімелейді Шайза әже. Соғыс бітіп, ел еңсесін көтерген соң, білімге құштар қыз мектепке қайта оралып, оныншы сыныпты аяқтайды. Одан әрі оқуын жалғастырмақ болып жаяу жалпылап Ақмолаға келгенінің өзі бір әңгіме. Мұғалімдер даярлайтын арнайы курсқа барса, қазақша мектеп бітірген түлектерді қабылдамайды екен. Мұны естіген қайсар қыз облыстық оқу бөліміне арыз жазып жүріп дегеніне жетіп, оқуға қабылданады. Келесі жылы педагогикалық училищеге түсіп, білімін одан әрі шыңдайды. Оқу орнын бітірген соң жолдамамен Ақмоланың Шалқар ауылына барып, сол жерде жас маман өмірлік жарын жолықтырады.
–Жұмыстан келіп, ертеңгі сабағыма дайындалып отырғанмын. Бір уақытта есікті қағып, бір сымбатты жігіт кіріп келді. Бір көргеннен оның менің адамым екенін, маңдайға жазған жарым екенін түсіндім, – дейді Шәйза әже өмірлік серігі болған Серікбай атамен алғаш кездескен күнін еске түсіріп.
Осылайша екі жас 1952 жылдың жазында бас құрап, балалы-шағалы болады. Жұбайы Серікбай Сексембаев темір жолдың әскери күзет бөлімінің бастығы болып қызмет атқарса, Шайза әже теміржолшылар мектебінде қазақ тілінен сабақ береді. Жарасымды жұп елге қызмет етумен қатар, жанұяда да өз міндеттерін естен шығарған емес. Бақытты отбасында бес қыз дүние есігін ашты. Қуаныш пен шаттыққа толы өмір осылай жалғасып жатты...
Отбасы бүгінде астана болған Ақмолаға қоныс аударып, қыздар оқып жетіледі. Жастайынан екі тілге де жетік Шайза әже негізінен орыс мектептерінде қазақ тілінен дәріс береді. Ел егемендігін алған жылдары 40 жыл еңбек өтілімен зейнеткерлікке шығады. Немерелерінің тәрбиесімен айналысуға кіріскен Шайза әжеге бірнеше өзі секілді зейнеттегі өнерлі замандастарымен бірге орыстанған ортаға қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттап, салт-дәстүрімізді сіңіру мақсатында «Ақ әжелер» тобын құру идеясы туады. 1994 жылдан бастап ол топ тәуелсіз Қазақстанның түрлі мерекелерінде ұлттық нақышта өнер көрсетіп, ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.
–Қазіргі ұрпақ бақытты ғой шіркін... Біз не көрмедік? Ашаршылықтан аман қалдық, сұрапыл соғыстың отына күйдік. Алланың қалауымен қазір қазақ халқы Тәуелсіздік туы астында өмір сүріп жатыр. Әр қазақ сол теңдессіз сыйдың бағасына жете білсе екен деймін, ең бастысы ел тыныш болсын! – деп жеткізді Еңбек ардагері Шайза Беркейқызы кейінгі ұрпаққа аманатын.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл