ҚҰРЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТПАҚ

Жаңалықтар
14.02.2017, 11:18
Қарт түбектің Қарақия ауданындағы Құрық портының бірінші бөлігі өткен жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасының қатысуымен онлайн режимде іске қосылғаны белгілі. Десек те, мұндағы құрылыс түгелдей аяқталды деуге әлі ерте. Ақпанның 10 күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ЖТ Маңғыстау» бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев бастаған барлық темір жол мекемелерінің басшылары мен бас инженерлері Ақтау қаласынан 70 км қашықтықта орналасқан Құрық портына бет алды. Мұнда олар «Құрық порты» ЖШС бас директоры Мырзабек Сақтағанов пен құрылысты жүргізіп жатқан «Концерн Найза Құрылыс» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Гаджи Гаджиевпен  бірге  «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаровты күтіп алды. Компания бас инженерімен бірге Құрыққа «Beta services» ЖШС директоры Бекболат Шканов, жоба жетекшісі Али Карабалин, Ұлттық компанияның Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінің директоры Алексей Абдраманов, басқа да жауапты қызмет өкілдері келіп, жағажайдағы құрылыс объектілерімен танысты.  Бұдан кейін порт басындағы кеңседе жоба жұмысының орындалу барысы жөнінде кеңес өтті. Кеңесте Құрықтағы жұмысты жүргізіп жатқан «Концерн Найза Құрылыс» ЖШС-нің, жобалаушылардың аяқталмаған жұмыстары, байланыс жүйесінің нашарлығы, шекара қызметіндегі кейбір мәселелер сөз болды. Осыған орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров нақты тапсырмалар берді. Бітпеген жұмыстар  17 ақпанға дейін орындалуы тиістігін кесіп айтқан бас инженер мұның есебін де өзі сұрайтындығын жеткізді. Жүк тасымалы бөлімшесіне, белгі беру және байланыс, жол дистанциясы мен локомотив шаруашылығы,  электрмен жабдықтау қызметіне т.т. қатысты сұрақтарға жауап берген Бауыржан Пазылбекұлы өзекті мәселелерді жоғары жақта  көтеріп, шешіп беретініне сендірді. Елбасы Н.Назарбаев жуырда жариялаған дәстүрлі жолдауында еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажеттігін, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керектігін айтып, «Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі – автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет», – деген еді. Сондықтан, ҚТЖ басшылығы үшін одан бұрын теңіз портын пайдалануға  тапсыру, сол үшін толғақты мәселелерді тездетіп шешу маңызды болып отыр. Бұл кездесу осының айғағы.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі