Жол жөндеуші – жаңа нарықта  

Жаңалықтар
14.02.2017, 11:32
Белградта қазақстандық «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС  темір жол желілерінің құрылысымен және күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысатын  сербиялық кәсіпорын «ZGOP»-ты сатып алу келісімшартына қол қойды. Өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Сербия Республикасының президенті Т.Николичпен және сол елдің премьер-министрі А.Вучичпен Қазақстан мен Сербия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында  «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС сербтің «ZGOP» компаниясын сатып алып отыр. Жуырда Сербия экономикасы министрлігінде аталған ведомство басшысы Г.Кнежевичтің, сондай-ақ, келісімнің ресми қатысушылары «Жол жөндеуші» ЖШС мен «ZGOP» компаниясы өкілдерінің қатысуымен келісімшартқа қол қойылып, «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС атынан бас директор Хурам Мурадов қатысқан.   Бұл келісімшарт Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланысқа пәрмен беруімен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасы болмақ. Атап өтерлігі, екі ел арасында толықтай жүзеге асыруды қажет ететін,  өзара тиімді қарым-қатынастың үлкен әлеуеті бар деп танылуда. Өз кезегінде, қазақстандық компания дамудың жаңа жолын ашуда. Аталған компанияны сатып алуға Австрия, Ресей, ҚХР, Франция және Түркия елдерінің компаниялары қызығушылық танытыпты. Бұл компанияға неге қызығуышылық танытты дейтін болсақ, Сербия халықаралық кредит алыпты, соның ішінде, өз темір жолдарын қайта құрылымдауға  Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкінен несие алған екен. Ал сербиялықтарды «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС-ның  жұмыс істеген жылдары ішінде құрылыс саласында табысты да әсерлі жетістіктерге, еңселі бедел-абыройға қол жеткізгені, сондай-ақ, серіктестер мен қызметке тапсырыс берушілердің құрметі мен сеніміне ие болуы қызықтырса керек.  Мұнымен қатар, қазақстандық компания автомобиль жолдарын қайта құрылымдау және салу бойынша қызметтер көрсетіп, көліктік-логистикалық кешеннің инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға, солардың қатарында ұшу-қону жолақтары құрылысы мен теңіз порттарын дамытуға қатысып келеді. Халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істеп келе жатқан компания Ресей, Таяу Шығыс және Еуропа нарықтарында өзіне жаңа перспективалар ашып отыр. Бүгінде компанияда 1500-ден астам маман жұмыс істейді, олардың қатарында жобаларды басқару бойынша халықаралық сертификаттары бар, жоғары білікті мамандар мен инженерлер бар.

Ислам ТАЛҒАТ

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі