Мәселе – жауапкершілікті арттыруда
Жаңалықтар
14.02.2017, 12:05
Қауіпсіздік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанымен, темір жол бойындағы елдің жауапсыздығынан төрт түліктің жолға шығып кетіп, өзін-өзі өлімге қиған жандардың суицидке баруы – қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуде.
Мәселе экономикалық шығында емес, мәселе – жауапкершілікті арттыруда болып отыр. Осы мақсатта ЖТ Жамбыл бөлімшесінің өкілдері көліктік прокуратура, Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, Әскерилендірілген теміржол күзеті және өзге де жауапты мекеме қызметкерлерінің басын қосып, жоғарыдағы мәселені шешу жолдарын қарастырды. Ұзатылған жылы бекітілген жоспарға сәйкес Әскерилендірілген темір жол күзеті, Желілік ішкі істер бөлімі және жол бөлімшесі қызметкерлерімен барлығы 114 рейд жүргізіліп, болат жолдың бойында бекітілмеген жол өткелінен өтпекші болған 67 бөтен тұлға анықталыпты. Оларға 105 585 теңге көлемінде айыппұл салынған. Жалпы, өткен жылы болат жолдың бойында адам және мал басудың 24 дерегі тіркелген. Мал басудан 16 оқиға, ал адам басудан 8 оқиға орын алған.
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Ғалымбек Батырбеков әр сала мамандары өз ісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын болса, қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатындығын алға тартты. «Егер талдайтын болсақ, аймақтағы Хантау, Бурылбайтал, Жуантөбе, Шығанақ, Ақшолақ, Жиделі, Бірлік-1, Бәйшешек, Аспара, Малдыбай, Мойынты, Шешенқара, Тәтті телімдерінде мал басы жолға жиі шығады. Жоғарыдағы мал басу оқиғалары да осы телімдерде орын алып отыр. Әрине, біздің тарапымыздан жергілікті әкімдік өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Алайда, мал пойыздың астына түсіп өлгенде, иесін табу қиынның қиыны. Жауапкершіліктен бәрі жалтарады. Мұнда олар төлейтін айыппұлдан қашады. Егер қолданыстағы заңнамаларға жүгінетін болсақ күндізгі уақытта, яғни 08.00-21.00 аралығында төрт түлік темір жолдың бойына немесе станция басында ауа жайылып, қауіпсіздік туғызатын болса бақташы жауап береді, ал бұл уақыттан тыс аралықта мал иесі жауап беруі керек, сондықтан оларға қалай да айыппұл төлетудің жолын табу керек», деп санайды ол.
Мысалы, кеше ғана Сарышаған станциясында локомотив түйені басып кетіпті. Ал оның иесі әлі күнге табылмай отырғанға ұқсайды. Ал адам басу оқиғасы көбіне Жамбыл – Талас телімінде жиі орын алады екен. Мұнда екі бағытта жүретін пойыздардың қатынау жиілігі және пойыздарды сұрыптау жұмыстары ауқымды жүргізіледі. Талдау көрсеткендей, пойыздардың астына ішкілік ішкен немесе суицидке бой алдырған азаматтар түсіп жатады. Оның үстіне өткелдерден өткенде ұялы телефонмен сөйлесуге, құлаққап киуге тиым салынатынын елеп-ескеріп жатқандары шамалы екен.
Жиында желілік ішкі істер бөлімінің өкілдері өткен жылы болат жолдың бойында 994 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және телім бойында мал жайғаны үшін 32 тұлға да жауапкершілікке тартылғандығын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған бөлімшенің бас инженері Асылхан Тайлақбаев жекелеген қызмет өкілдеріне әлі де нақты сараптама жасауды тапсырды.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі