«Батыс» филиалында көктемгі комиссиялық тексеру қорытындыланды

Жаңалықтар
24.05.2022, 10:14
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

 «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалында көктемгі комиссиялық тексеру қорытындысы өтті. Темір жол кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте жетістіктер емес, ең алдымен анықталған кемшіліктер жіпке тізгендей баяндалды.

«Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев бүгінгі таңда жүк тасымалының желісі деңгейінде көктемгі тексеру жұмыстары толығымен аяқталғанын жеткізді. Орал бөлімшесімен бірге есептегенде филиал шекарасында жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша барлығы 1020 ескерту анықталған. 

Тексеру барысында ғимараттар мен жасанды құрылыстарды, жұмыс орындары мен аумақтарды күтіп ұстау, жүк және коммерциялық жұмыстар, нормативтік-техникалық құжаттаманың мазмұны, еңбекті қорғау, жұмыс өндірісінің технологиясын сақтау, техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша бірқатар ескертулер мен кемшіліктер орын алғаны айтылды. 

Соның ішінде техникалық құралдар, қызметкерлердің  білімі, пойыз құжаттамасын жүргізу, КМО өткізілуі мен техникалық оқытуға басымдық берілуін назар аударуды қажет етеді. Сондай-ақ, комиссиялық тексеру кейбір станция нысандары инфрақұрылымының, өндірістік-техникалық базасының жағдайы қанағаттанарлықсыз екені анықталған. 

Әлі күнге дейін Орал вокзалында адамдар темір жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтуін тоқтатар емес. Сондықтан автомобиль және жаяу жүргіншілер көпірінің маңында, локомотив депосының аумағында бақылауды күшейту, ақпарат құралдарын пайдаланып халыққа түсіндіру жұмыстарын тоқтатпай жүргізе беру, сондай-ақ теміржол күзеті, желілік полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд жұмыстарын да көбейту тапсырылды. 

Шалқар-Сексеуіл учаскесінің ревизоры Бауыржан Орынбаев алдымен сөз алып, учаске бойында орналасқан станциялардың жұмысы туралы баяндады, жазғы тасымалға дайындықтары қанағаттанарлық екенін, өрескел бұзушылықтар болмағанымен бірқатар ескертулерді атап, комиссия жұмысы тиянақты атқарылғанын жеткізді. Көктемгі комиссиялық тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға бағытталған іс-шаралар әзірленетіні және анықталған кемшіліктерді жою мерзімі де белгіленетіні айтылды. Барлық деңгейдегі басшылар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және нормаларының мүлтіксіз сақталуын, сондай-ақ өз бөлімшелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне және осы мәселелер бойынша іс-шаралардың орындалуы барысына кезеңдік талдау жүргізілуі міндеттелді. 

Жиында Қандыағаш вагон пайдалану депосының жұмысы жақсы жағынан сипатталғанын да айта кеткен жөн. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда мекеме өз жұмысын жақсы жағынан көрсете алған, жазғы тасымалға жақсы дайындықпен келген.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды