Темір тұлпарды тізгіндегендер
Жаңалықтар
03.06.2016, 18:25
Қандыағаш локомотив пайдалану депосының ұжымы жақында машинистер Болат Шынықұлов пен Айдаржан Ахметовті зейнеткерлікке құрметпен шығарып салды.
Ақтөбе өңірінің тумасы Болат Мәкімұлы темір жол көлігіндегі еңбек жолын Қандыағаш жол дистанциясында монтер болып бастапты. Кейін екі жылға әскерге алынып, ел алдындағы борышын өтеп келген соң Қандыағаш локомотив депосына жұмысқа орналасады. Онда ол түрлі төменгі қызметтік сатылардан өтіп, 1984 жылы темір тұлпардың оң қанатына отырады. Тепловоз машинисінің қызметінде жүріп, ол білім-біліктілігін шыңдайды, 3-ші және 2-ші сынып дәрежесіне көтеріледі. Өндірістік тәжірибесін теориялық біліммен ұштастырып, Ақтөбе темір жол көлігі колледжін техник-механик біліктілігі бойынша бітіріп шығады. Ал 2013 жылы отыз жылға жуық тәжірибесі бар білікті машинист оқыту курстарын сәтті аяқтап, 1 сынып дәрежесіндегі біліктілікке ие болады. Содан бері ол осы күнге дейін «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызын жүргізіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін мінсіз сақтап келіпті. Оның көп жылғы еңбегі мен Қандыағаш локомотив пайдалану депосының өнімді өндірістік көрсеткіштеріне қосқан үлесі ескеріліп, ол 2012 жылы «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған екен. Үш бала тәрбиелеп өсірген Болат Мәкімұлы ендігін өмірін отбасына арнап, көп жылғы еңбегінің зейнетін көрмек.
Ал зейнеткерлікке шыққан екінші кейіпкеріміз Айдаржан Ахметов та Ақтөбе облысында дүниеге келіпті. Техник-электромеханик мамандығы Ақтөбе темір жол көлігі техникумын бітірген ол еңбек жолын Қандыағаш локомотив депосында 1981 жылы, екінші разрядты тепловоз жөндеу слесарі болып бастаған екен. Бірақ сол жылы көп кешікпей тепловоз машинисінің көмекшісі болып ауысады. Осы қызметте екі-үш жыл көлемінде тәжірибе жинақтаған Айдаржан 1983 жылы өз алдына тепловоз жүргізу құқығына ие болады. Машинист қызметінде жүрген шағында ол біліктілікті арттыру курстарын сәтті тәмамдап, екінші сынып дәрежесіндегі машинист лауазымына көтеріледі. Кейінгі жылдары Қандыағаш станциясында маневр қозғалысында тепловоз машинисі қызметін атқарған ол «Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгісімен марапатталған. Ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Айдаржан үлгілі әке болумен қатар ұжымына сыйлы білікті маман, жастарға айтары бар тағылымы мол тәлімгер ұстаз деседі әріптес жора-жолдастары.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
16.03.2026
Амал келді, жыл келді...
Спорт
16.03.2026
Үстел теннисі теміржолшыларға таңсық емес
Жаңалықтар
16.03.2026
Көлік инфрақұрылымының су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланды
Әлемде
16.03.2026
Қытайда көктемгі мерекеде өңіраралық жолаушылар тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Әлеумет
15.03.2026
ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығы республикалық референдумға белсенді қатысуда
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында ҚТЖ қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде