Мал иесі шығынды төлейді
Жаңалықтар
17.02.2017, 11:50
Шу станциясы тоғыз жолдың торабына орналасқан ірі станцияның бірі. Сондықтан, қозғалыс қауіпсіздігі, мален жанның теміржолға шығып кетуі сынды мәселелер шулық теміржолшылар үшін екі есе өзекті.
Жуырда Шу станциясында өткен дөңгелек үстел тақырыбы да қауіпсіздік мәселесіне арналды. Теміржолшылармен қатар, күзет қызметі, көлік прокуратурасы мен желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлері қатысқан алқалы жиында Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының Шу аймағы бойынша орынбасары Серік Каликов 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтіп жатқан «Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық – әр қызметкердің міндеті» айлығы төңірегінде сөз қозғап, қауіпсіздікті сақтауда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Ал Ірілендірілген Шу жол дистанциясының директоры Нұрлан Жаманқұлов есепті мерзімде дистанция қызмет көрсететін аумақта жеті мал басу оқиғасы тіркелгенін айтты.
«Жақында ғана темір жолдың бойында локомотив жылқы малын қағып кетті. Одан келген 2 474 268 теңге шығынды кім төлейді? Әрине, мал иесі. Оның үстіне аз сома емес. Сондықтан біз мал иесін анықтап, аталған соманы төлеткізетін болдық. Бұл өзге де шаруаларға сабақ болса екен деген ойымыз бар,» деді Нұрлан Жаманқұлов.
Жиында прокуратура қызметкерлері ЖТ Жамбыл жол бөлімшесі қызмет көрсететін аумақтағы күзетілетін өткелдерге бейнебақылаулар орнатып, ұялы телефондағы байланыс желісі арқылы жұмысты ширату керектігін айтты. Жиынды қорытындылаған Серік Нұрғалиұлы бүгінгі күні аймақта пойыздар қозғалысының жылдамдығын көтеруде қаншама жұмыстар жүргізіліп жатқанын, сондықтан қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін факторларды жою – баршаға ортақ міндет екенін тағы да ескертті.
Арсен БАЙЗАҚ, Шу
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі