Дөңес кезекшісі – сұрыптау жұмысындағы басты тұлға

Жаңалықтар
17.02.2017, 12:10
Атырау станциясының сұрыптау дөңесінде қызу жұмыс. Ганюшкин бағытынан келген жүк вагондарын сұрыптау жүріп жатыр. Маневрлік локомотив пен вагон құрастырушы мен жылдамдық реттеушілер  қимыл-қозғалысын басқарып отырған дөңес кезекшісі Амандық Жолмырзаев жас та болса тәжірибелі маман.   Сұрыптау паркінде тәулігіне жан-жақтан келетін 600 вагонға дейін қабылданады екен. Бұл әрине, қыс мезгілінде, жүк көбейетін жазғы маусымда басқаша болады. Одан бөлек, 40 пен 70 вагонның аралығында келетін жергілікті вагондар тағы бар. Бүгін мысалы, түске дейінгі уақыттың өзінде 200 вагон қабылдап, сұрыпталып үлгеріпті. Атырау станциясының бас инженері Бекжан Жиенбетов  станция қызметкерлерінен сұралатын басты талап – жұмысқа жауапкершілік, ол үшін барлық деңгейдегі жұмысшы-қызметкерлердің техникалық сабақтарға  қатысуы шарт екенін жеткізді. –Жұмысына өте мұқият, жауапкершілігі зор. Осында еңбек етіп жатқан тоғыз жылдың ішінде қиын да жауапты мамандықтардың қыр-сырын жіті меңгеріп алды. Қазірдің өзінде бұл жігіттің қарамағында 4 адам еңбек етеді. Дөңес кезекшісі – сұрыптау жұмысындағы басты тұлға екенін ескерсек, Амантай Жолмырзаевтың өз-өзіне сенімді, іскерлігі мен тактикасы мықты командир секілді әрекет ететіні ұнайды, - деді бас инженер бүгінгі жұмыс жасап жатқан ауысым туралы оң пікірін білдіріп. Ақтөбенің «Көлік және коммуникация» колледжін бітірген Амандық  2008 жылы сол кездегі  «Жастарды мамандандыру» бағдарламасы бойынша Атырау станциясына белгі беруші болып жұмысқа қабылданыпты. Бір жылдан соң вагондардың жүріс жылдамдығын реттеуші болып ауысып, одан енді пойыз құрастырушы болып еңбектеніп, қозғалыс саласының барлық сатысынан өтіп барып дөңес кезекшісі болған. Міне, бүгін  де пойыздарды тарқатып-жинап, маршрут бойынша қозғалатын пойыздардың қиылысу арқылы және қиылыспай бас жолға шығуын қамтамасыз етіп, құрастырылған пойыздардың қауіпсіздігін сақтап, түрлі бағытқа жөнелтіп отырған маман өз жұмысы туралы қысқа да нақты ақпар берді.  –Бізде екі парк болса, сұрыптау паркіне мен жауаптымын. Екінші парк – қабылдап- жіберу паркіне келген пойыздарды вагон қараушылар бастан-аяқ қарап, ақауы бар-жоғына көз жеткізіп, «құрам жақсы келді, ақауы жоқ» деп дайындық бергеннен кейін ғана біз вагондарды дөңесте сұрыптау жұмысын бастаймыз. Қауіп дейсіз бе? Әрине, өндірісте қауіпсіз ештеңе жоқ, бізде мысалы, жүк вагонын дөңестен түсірген кезде, кез келген вагондар тіркемесін ерекше сақтықпен жылжыту  қажет екенін түсінеміз. Жүктің түрі көп: қауіпті жүктер тиелген вагондар, немесе  тез сынатын, бүлінетін қымбат жүктер, техникалар тиелген болуы мүмкін,  оларды  жолдарға тарқатқан кезде айрықша сақтық қажет етеді. Сондықтан біз жұмыста, әсіресе  жылжымалы құрамды тарқату кезінде қауіпсіздікті екі есе қамтамасыз етіп, аса сақтықпен қимылдауды назарда ұстаймыз, бұл жерде әсіресе, пойыз құрастырушылар мен  реттеушілердің өзін-өзі сақтап, әр қимылын абайлап басуын қажет етеді, - дейді дөңес кезекшісі.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды