Ақтауда пойыыздағы жолаушының жоғалған заты табылды

Жаңалықтар
22.06.2022, 09:14
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақтау қаласына пойызбен жолға шыққан алматылық тұрғын бар құжаты мен ақшасы, телефоны салынған қол сөмкесін жоғалтып алып, қапелімде ғаріптің күйін кешті. Абырой болғанда желілік полиция өкілдері көмекке келіп, жоғын тауып берді.

Аталған жағдай 11 маусым күні Алматы-Маңғыстау пойызында орын алды. Пойызбен оңтүстік астанадан Маңғыстауға келе жатқан Дариға Шатқұлова Сай-Өтес станциясына аялдаған кезде перронға түседі. Ішке кірген соң өзімен бірге алып түскен қол сөмкесінің жоқ екенін байқайды. Пойыз қозғалып кетпей тұрып сөмкесін табу үшін жан жаққа жүгіріп шыр-пыр болған әйелдің бағына дәл сол пойыз тоқтаған тұста желілік полиция бөлімшесі орналасқан еді.

– Ақтауға тойға бара жатыр едік. Пойыз Сай- Өтес станциясына аялдаған кезде түсіп перрондағы сатушылардан сауда жасадым. Асығып, пойыздан қалып қоймайық деп немерелеріммен арпалысып жүргенде сөмкемді қайда қалдырғанымды білмей қалдым. Бір жақсысы сол жерде желілік полиция қызметі бар екен. Жүгіріп соларға бардым. Желілік полиция қызметкерлері, әп-сәтте сөмкемді тауып берді. Ішіндегі нәрселері түгел. Оларға алғысым шексіз. Халықтың ризашылығына бөленіп, еңбегінің жемісін көре берсін! – дейді Дариға Шатқұлова.

Бұл Сай-Өтес станциясында жолаушылар арасында кездескен бірінші жағдай емес екен. Станциядағы желілік полиция өкілдеріне биылдың өзінде біреу ұялы телефонын, енді бірі әмиянын, тағы біреуі жүгін жоғалтып жүгінгендер аз болмаған. Ал Дариға Шатқұлованың сөмкесі өзге вагоннан табылған. «Ол кісі қателесіп басқа вагонға мініп, дәл өзінікіндей орынға сөмкесін тастап кеткен екен», – дейді Сай- Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Нұрлыбек Рахметов.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды