Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш станциясынан  өткен жылы 2056 вагонға 125410 тонна жүк тиеліп, 7714 вагоннан жүк түсірілген. Ал биылғы қаңтар айында 167 вагонға 105777 тонна жүк тиеліп,  788 вагоннан жүк түсіріліпті. Тиелген жүктің 72 вагоны минералды су, 62 вагон картоп, 18 вагон  қырыққабат болса, 15 вагоны әр түрлі құрама жүктер. Транзиттік пойыздардың қабылдап-жөнелтуіне келсек, орташа тәулікте 14 жүк пойызынан  қабылданғанда, бір жылда  5037 жүк пойызы келген. Яғни, жыл он екі ай бойы шекарадан өткен 296495 жүк вагонының 44044-не жүк тиелсе, 252451 вагон бос келіпті. Осы көрсеткіш бөлімшенің бос вагондар айналымын көбейткен. Сондай-ақ, көрші елге бізден тәулігіне орта есеппен 15 пойыз жібергенде, бір жылда ол 5433 жүк пойызын құрапты. Оның 275130 вагонына жүк артылса, 17777 вагоны бос кеткен. Станцияда  күніне 1962, айына 49116, ал бір жылда 589402 вагон айналымда болған. 2017 жылдың қаңтарында өзбектерден 467 пойыз қабылданған. Оның ішінде 3014 вагон жүкпен келген. Жыл соңында ұн, көмір, ағаш тиелген вагондар бос қайтатындықтан олардың саны 23503 вагонды құрапты. Ал өзбектерге жіберілген  439 пойыздың 22288 вагонына  жүк тиелсе,1151 вагон бос кетіпті.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент